С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

        28 сәуірде оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі елі мен жері үшін намыс туын биік ұстаған, ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардағы ұлт азаттық қозғалысының «Алтын сапты, алмас қылышты»  қолбасшысы Сәрке батырға арналған «Қазақтың халық батыры-Сәрке батыр» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
       Ресейдің Челябинск қаласынан зум қосымшасы арқылы қосылған «Азамат» қазақ қоғамы төрағасының орынбасары Мельс Жетпісбаев Сәрке батырдың қиын-қыстау кезеңде жауларға қарсы шығып башқұрт халқын қолдап, қорғауы жайында ойын ортаға салды.    
       Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талғат Смағұлұлы Жұмағамбетов, еңбек ардагері, Қазақстанның үздік өлкетанушысы Баянғали Қанапияұлы Құлтаев, Қарғалы ауданының еңбек ардагері Бақыт Ғизатов, Қарғалы ауданы мәдениет бөлімінің басшысы Асхат Сағитжанұлы Айжарықов, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ тарих ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі Гүлбану Болатқызы Ізбасарова XVII-XVIII ғасырдағы қазақ халқының басына түскен сонау бір замандарда ат үстінен түспей, еліміз бен жерімізге көз алартқан сыртқы жауларға қайрат көрсеткен Сәрке батыр туралы ой-толғамдары мен тағылымды пікірлерін, ұсыныстарын айтты.
    Сонымен қатар шара барысында Еңбек ардагері, «Қазақстанның үздік өлкетанушысы» Баянғали Құлтаевтың 2022 жылы Ақтөбе қаласы, ЖК «Полиграфия» баспасынан жарық көрген «Сәрке батыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі жасалып, кітапхана қорына 7 дана кітап сыйға берілді.
     Конференцияға қатысушылар мен оқырмандардың назарына «Азаттық таңы жолында» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Сәрке батырдың өмірдерегін сипаттайтын бейне сюжет көрсетілді. 
     Шараға Қ.Жұбанов атындағы колледж оқытушылары мен студенттері, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері, мәдениет қызметкерлері қатысты.

IMG 8005 IMG 8005 IMG 8005 IMG 8005 IMG 8005 IMG 8005