14 желтоқсан күні оқу залы бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжімен бірлесе Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тарих тартуы» атты тақырыптық кеш өткізді.
Шараны осы колледждің оқытушысы Қ.Хайруллина ашып, тарих пәнінің оқытушысы Г.Уксукбаева Тәуелсіздік - ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі, сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш, ең басты құндылығымыз екенін оқырмандарға тереңінен әңгімелеп берді. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің студенті, облыстық жастар саясат басқармасының мәдениет саласы жөніндегі белсенді жас Н.Жалғасбаев өзінің тәуелсіздікке арнайы шығарған өлең шумақтарын оқыды. Кешті жүргізген Ү. Мешітбаева, Ғ.Асылбек, Г.Алпамысова, А.Жаңабай, Б.Қирабасов «Желтоқсан құрбандары» атты көрініс қойды. Б. Салбаев, А.Тәжіғұловалар әнмен көркемдеді.
Шараға арнайы ұйымдастырылған «Азаттықтың ақ таңы» атты кітап көрмесіне оқу залы бөлімінің кітапханашысы А.Жумагалиева көлемді библиографиялық шолу жасады, және желтоқсан оқиғасына байланысты кинофильм, бейнероликтер көрсетілді.