Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні деп белгіледі. Осы атаулы мерекеге орай 24 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері «Еңбек ер атандырады» тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - жастарды отбасылық еңбек құндылықтарын бағалауға, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу, еңбек әулеттерінің өнегелі қырларын көпке үлгі ету, сол арқылы адамдарды еңбекке баулып, ынтасын арттыру.
Аталған шараға отбасылық ардагер ұстаздар Мұқановтар әулеті шақырылды. Еңбек әулетінің бір өкілі, екі ұрпағы ұстаздық қызметті жалғастырған.
Кеш барысында жастар қонақтарға сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, шараға орайластырып «Еңбек - жалпыға ортақ құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.