С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

    27 қаңтар күні Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы @aqtobe.madeniet мен Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Алға аудандық І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасы @alga.iztai.bib, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен @aqtobe_muzei С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып, батыр қыз Сапура Мәтенқызының өмірі мен батырлық жолын насихаттап, ұлықтау мақсатында ақын, журналист, аудармашы І.Мәмбетовтің «Көктемір» дастаны бойынша «Жаңғырудың жарқын жолы» атты тарихи танымдық сағатын ZOOM платформасы арқылы өткізді.
    Шараға қатысушылар:
1. Бекжан Аппазов – Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2. Мейірхан Ақдәулетұлы – ақын, публицист, жазушы;
3. Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлы – ақын, драматург, өнер зерттеушісі;
4. Бітіков Исламғали Құбайдоллаұлы – тарихшы, өлкетанушы, «Alash Parizi» қоғамдық қорының қоғамдық жетекшісі;
5. Тлектес Жаңабергенқызы Тоқсанбаева – С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты;
6. Абдуллина Жібек Османғалиқызы – ақын, өлкетанушы, «Руханият» клубының жетекшісі;
7. Сарыбай Алмагүл Сүндетқызы – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;
8. Ерғалиева Гүлбаршын Сағалиқызы – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қобда бөлімінің меңгерушісі;
9. Рысбаева Балқия Тлеужановна – Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры;
10. Қалтаева Лена Сәрсенәліқызы – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейінің директоры;
11. Қопаева Кәмшат Сексенбайқызы – Облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі.