Өлкетану бөлімі оқырмандардың - туған өлкенін тарихы, табиғаты мен экологиясы, әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық ерекшеліктеріне қызығушылықтарының артуына байланысты ақпарат орталығы болып С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап – ғылыми кітапханасында 2010 жылдан бастап жұмысын жаңа бағытта бастады.
Бөлімнің міндеттері:
- Өлкетану құжаттары қорын қалыптастыру;
- Өлке туралы әдебиетті насихаттау;
- Ғылыми зерттеу және баспалық қызметтер.
Бөлім облыстың барлық кітапханаларына және мекемелерге, өлкетану әдебиетінің пайдаланушыларына мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек береді.
Ұсынылатын қызмет түрлері:
- Өңірлік мерзімді басылымдарды ашық түрде қарау;
- «Өлкетану» электрондық деректер базасын (қазақ және орыс тілдерінде) пайдалану;
- Өлкетану іс-шаралары – әдеби кездесулер, кештер, кітаптардың тұсаукесерлерін өткізу;
- Автордың қолтанбасы бар кітаптар топтамасын жинақтау.
Өлкетану картотекасы карточка түрінде «Ақтөбе облысы» газет – журналдардағы аймақ туралы мақалалардың библиографиялық жазбасынан тұрады.
Өлкетану бөлімі жанына «Қаламгер» әдеби қонақжайы, «Жас қалам» клубы ұйымдастырылып, өз жұмысын жүргізуде.
Бөлімде кітап қорын толықтыру және «Өлкетану» әмбебап мерзімді басылымдарды дамыту мақсатында сирек кездесетін кітаптар мен құжаттарды сақтау үшін, бір даналы кітаптарды және кітапхана қорында жоқ құжаттарды облыстық өлкетану мұражай қоры арқылы алдырып, сандық көбейтуден өткізеді.
Бөлім меңгерушісі: Карибаева Жәния Қасымқызы
Телефон: +7(7132) 23-74-00 (ішкі номер: 121)