С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Мерзімді басылымдар – халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, коғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуде, мемлекеттің әлеуметтік топтардың мүделі мұраттарын танытуға қызмет етеді.

Оқырмандардың көзқарастарын және сұраныстарын есепке алып отыру   және мерзімді басылымдар танытуға қызмет ететін  үшін   оқырмандардың әр түрлі топтарына  жыл сайын  газет, журналдарға  жазылу өтеді.

Көпшілік оқырмандар «Егемен Қазақстан», «Алтын Орда», «Айқын» «Казахстанская правда»  және тағы басқа   қоғамдық, республикалық газеттерді қолданады.     Экономистерге және қаржы қызметкерлеріне «Аль Пари», «Банки Казахстана»,  «Транзитная экономика», «Рынок ценных бумаг Казахстана», «Финансы Казахстана» және т.б. мамандандырылған басылымдар үлкен қызығушылық тудырады. Ал экономикалық белсенді жастардың арасында «Деловой Казахстан», «Деловая неделя», «Экономика» газеттері көп сұраныста.

Заңгер сұраныстары – төрелік, салық, сот іс-тәжірибесі.  Олар үшін біз  «Фемида», «Заң», «Юрист», «Правовая реформа в Казахстане» «Заң консультациялары» журналдарін,  «Заң» және «Юридическая газета» газеттерін жаздырып аламыз.

Экономистерге, кәсіпкерлерге «Деловая неделя», «Деловой Қазахстан», «Астана», «Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету» қазақстандық басылымдарына ерекше көңіл аударады. Осы басылымдар экономиканың дамытудың факторларын құрауын ойлайтын басшыларға бағытталған.

Есепшілер көмегіне облыстық кітапхана «Бюллетень бухгалтера», «Файл бухгалтера», «Бухгалтер плюс компьютер», «Библиотека бухгалтера и предпринимателя», «Бухгалтер бюллетені», «Труд. Зарплата. Пенсия» және т.б. жаздырып алады.

Құқық, әлеуметтік сұрақтары, төлеу өтемақы, зейнетақы бойынша ақпаратты  «Кадры, труд, управление», «Труд. Зарплата. Пенсия», «Труд в Казахстане» басылымдардан алуға болады.

Қазақстан даму Институтының квартал сайын шығатын ғылыми-теориялық журнал «Евразийское сообщество: общество, политика, культура» және ай сайын шығатын ақпаратты-аналитикалық журнал «Саясат» мерзімді басылымдары мақтанышы болып саналады.

Облыстық кітапхана мемлекеттік тілді насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді. Біз қазақ тілінде 130 астам газет, журнал  жаздырып аламыз. Бұлар Республикада шығатын басылымдар. Қазақ тілін үйренуге «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс тілінде» басылымдар көмек көрсетеді.

Мұғалімдер, аспиранттар және ғылыми қызметкерлер «Вестник КазНУ»,  «Географическая»,  «Историческая», «Филологическая», «Экологическая», «Психологическая», «Политология. Философия», «Юридическая»  «Экономическая» серияларымен,  «Бастауыш мектеп», «Биология, география жэне химия», «Қазақ тарихы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Білім технологиялары»,  және т.б.  газет, журналдармен қолданады.

Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты міндеті. Сондықтан да біз «Физкультура и спорт», « Денсаулық әлемінде» ,  «Здоровье», «Денсаулық» газет және журналдарға жазыламыз. 1955 жылдан бастап шығатын, кеңінен таралған Ресей журналы «Здоровье» дені сау, мейірімді, белсенді болуға тырысатын оқырмандармен сұранылады. Айсайын шығатын «Денсаулық» қазақстандық журналы нағыз дос-оқырмандарын тапты. Басылым мақсаты – отбасына байланысты пайдалы ақпарат, маман кеңесі, емдеуде және ауруларға профилактика көрсету жаңалықтары.

Біздің кітапханада керекті ақпаратты алуымен қатар, мерзімді басылымдарды оқуға болады. Әйелдерге «Крестьянка» , «Домашний очаг», «Дом и интерьер», «Работница», «Бурда», «Сезон»  және т.б.  басылымдар арналған. Айсайын шығатын  «Қазақстан әйелдері»  журналы – отбасы, әйел, ана және бала туралы мәселелерді жариялайды.

Нағыз ерлерге  «Автомир», «За рулем», «Спорт-экспресс», «Sport KZ», «Футбол». «За рулем» журналы автомобилдерді сүюшілер үшін үздік деп таңылған, ал бізде бұл басылымның 2011 жылдан бергі сандарын таба аласыздар.

Балалар және жасөспірімдер мерзімді басылымдары кеңейді «Үш қоңыр» , «Ұлан»,  «Моделист-конструктор», «Юный техник», «Техника молодежи», «Ақ желкен»  және т.б  басылымдар өз оқырмандарын күтеді.

Құрметті  оқырмандар!

Мерзімді басылымдарды қөңіл сүйсіндіріп оқыңдар!