С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

     Ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі С.Бәйішев атындағы АОӘҒК негізгі бөлімдерінің бірі.  Бөлім қызметіне жыл сайын 2000-нан астам пайдаланушы  жүгінеді. Олардың ішінде ғылыми қызметкерлер, жоғары,  орта  арнаулы және жалпы білім беретін оқу  орындарының оқытушылары,  әр түрлі сала қызметкерлері, студенттер бар.

     Қазіргі таңда кітапхананың анықтамалық-библиографиялық қорында ғылымның әр саласы бойынша 3000 - ға жуық энциклопедиялар, сөздіктер, библиографиялық құралдар мен ақпараттық басылымдардар  бар. Қордың біршама бөлігін «Кітап патшалығы», «Кітап және кітапхана», «Библиография», «Библиотека» кәсіби басылымдары, сонымен қатар ҚР Кітап палатасымен шығарылатын баспа шежірелері құрайды.

     Бөлім жұмысында «WEB-РАБИС» деректер базасы пайдаланылуда. Бөлім қызметкерлері «Мақалалар», «Өлкетану», «Диссертациялардың авторефераттары» каталогтарын жүргізеді.

     Бөлім баспа қызметімен айналысады. Қазақстандық  танымал әдебиет және өнер қайраткерлерінің мерейтойларына оқырмандарға арнап ұсыныстық библиографиялық құралдар шығарылады.

     Дәстүрлі түрде жастар мен студенттер арасында  кітапхананың «Ашық есік» күндері өткізіледі.

     Бөлім кеңес беру орталығы ретінде  облыс кітапханашыларына библиография мәселері бойыша  оқыту тренингтер  өткізеді.

     Сонымен қатар кітапханамыздың сайтында оқырмандармен кері байланыс орнату үшін «Библиографқа сұрақ» атты виртуалды анықтамалық қызметі жүргізіледі, «Заң» толықмәтінді құқықтық-нормативтік деректер базасының online-версиясы бойынша кітапхана  пайдаланушыларына   қызмет көрсетіледі.

     Сонымен, бөлім өзінің мақсатын кітапхана қорында сақталған ақпаратқа еркін, кедергісіз қолдануға  мүмкіндік жасау деп есептейді.

 

Бөлім меңгерушісі: Сеитова Гуля Истлеуовна
+7 702 969 52 80