С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

18 ақпан күні өлкетану әдебиеттер бөлімінде «Тарихы терең Ақтөбе!» жобасы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, журналист, өнер зерттеушісі, ақын-драматург Нұрлыбек Қалауовтың шығармашылығына арналған «Ардагер азамат, ардақты ақын» атты жыр кеші ZOOM платформасында өтті.
Кештің шымылдығы қазақ әдебиетінің поэзия, драматургия жанрларына қомақты үлес қосқан қарымды қаламгер, өнер зерттеушісі Н.Қалауовтың өмірбаянынан бастау алып, «Ақын әлемінің әсем үні» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Жұманазар Асанов ақынның поэзия жанрында ғана емес, оның өнер зерттеушісі ретінде ақын, әнші Сары Батақұлы және ақын, палуан Қызыл Тұрдалыұлы туралы жазылған еңбектеріне ерекше тоқталып, оқырмандар көп біле бермейтін талант иесі, мықты айтыскер, кейде әншілік қабілеттері де дарыған ардақты ақын екенін толықтай жеткізді.
Сүбелі сөздің иесін танып, киесін білетін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандары М.Айдынғали «Өртеңге өскен алшынмын» (Байғанин), Х.Жантекей «Бақытым менің» (Қобда), Н.Файзуллаева «Базына» (Мәртөк), А.Қарашбаева «Сатқындық» (Мұғалжар), М.Серікова «Өздерің менің бақытым» (Алға), Т.Еңсегенов «Қызметші» (Темір), Т.Уалихан «Атқа мінсем», (Хромтау), І.Молдағалиева «Жаны таза болсын деп» (Шалқар), А.Бөкенбай «Гүл сатушы қыз» (Ырғыз), Э.Кушекбаева «Құдайберген Жұбановтың ілімі» (Ақтөбе қ.) атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жыр кеші ақынның «Кітапхана» өлеңімен түйінделіп, Н.Қалауов «Тарихы терең Ақтөбе» ауқымды жобасының алғашқы қонағы ретінде шақырған кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.

baishevabiblioteka 150723462 109610964486794 2074625266323976316 nbaishevabiblioteka 151200591 428043965080492 7182075613934556950 nbaishevabiblioteka 151216333 430509698166270 3168689338972927046 nbaishevabiblioteka 152030994 713299202666223 8289897574000585559 n