С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорды сақтау  бөлімінің  қызметкерлері ағымдағы жылдың  14 мамырынан қыркүйек айлары аралығында  «Ақтөбе-алтын бесігім» атты жазғы шығармашылық маусымының ашылуына байланысты, ақтөбеліктерге тамаша көңіл - күй сыйлау, халық арасында «Еркін микрофон»  форматында халықтың  бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатына орай   қаламыздың Сулы – жасыл бульварында  ақтөбелік ақын - жазушылардың шығармашылығына арналған және  олардың рухани асыл мұраларын оқырман қауымға  насихаттау барысында    «Жергілікті ақын - жазушылар мұрасы, болашақ ұрпақ қазынасы»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Кітап көрмесіне киелі Ақтөбе өңірін тың туындыларымен, өлең жырларымен қиырға шарлатып, қияға самғатқан ақиық ақын - жазушылардың шығармалары қойылып, кітапханашы С.Сұлтанаева  библиографиялық шолу жасады.
Шолу барысында осы өңірде туған дарындардың арғы-бергісін түгендеген  «Жәдігер» Ақтөбе өңірінің   әдеби антологиясына, 2017 жылы жарық көрген «Ақтөбе-құтты мекен» энциклопедиялық анықтамалығына  және биылғы жылғы «Оқитын өлке» акциясы аясында шығармалары таңдалынып алынған ақын, Амантай Өтегеновтің кітаптарына ерекше тоқталып өтті. Ашық алаңда ұйымдастырылған кітап көрмесін қала қонақтары, кітапхана оқырмандары  тамашалады және «Рухнама» шығармашылық орталығының жас ақындары  Дәурен Тілеухан, Еркебұлан Ерланұлы, Алтын Қанатқыздары жергілікті ақындарымыздың өлеңдерін жатқа оқып, сонымен  қатар өз шығармашылықтарымен де бөлісті.

WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.46WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.471WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.472WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.473WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.474WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.476WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.477WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.479WhatsApp Image 2021 05 15 at 16.57.4711