С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

30 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына  орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты  ұлттық кітап фестивалі өткізілді. Бұл күні кітапхана оқырмандар мен қонақтарына өз есігін айқара ашып, танымдық әрі қызықты бағдарламасын ұсынды. Кітап фестивалі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған кітап шеруімен басталды. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы» Е.Ж.Құрманбек, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ю.Юнисова, Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорының директоры Б.Қалмағамбетов, қоғам қайраткері, жазушы М.Раимов, Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы, ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ж.М.Табылғанов қатысып, жүрекжарды тілектерін арнады. Фестивальға зиялы қауым өкілдерімен қатар облыстық кітапханалардың басшылары, аудандық, Ақтөбе қалалық мектеп кітапхана қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында Ел Тәуелсіздігін ұлықтау, егемендік алған жылдарындағы кітапхана қызметін насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мерекелік кеш, инсталляциялық кітап көрмелері, жазушы М.Раимовпен өткен тың ақпарттарға толы журфикс, «Медиасауаттылық қазіргі заман талабының ақпараттық мәдениетінің бөлігі» атты шеберлік сағаты, фестиваль қатысушыларына арналған библиокафе, тәуелсіздік жылдарындағы кітапхана тарихынан сыр шертетін театрландырылған көрініс және кітапханада өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен  «Тіл мәртебесі – ұлт мерейі» атты облыстық мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Сонымен қатар аталмыш шара аясында кiтапханамыздың ардагерлеріне арналған «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді. Кiтапхана саласында зор еңбек сіңірген ардақты ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ақ тiлектер арналып, әсем әндер шырқалып, естеліктер айтылды. Ардагерлерiмiз емен-жарқын әңгіме құрып, көңілдері бір марқайып қалды.

IMG 0031IMG 0057IMG 0060IMG 0070IMG 0112IMG 0113IMG 0114IMG 0147IMG 0156