С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

9 қыркүйек күні кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында студенттер арасында түсіндіру жұмысы өтті. Президент өз жолдауында: «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады.Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біз¬дің күнделікті өмірлік ұстаным¬дары¬мыз да өзгеруі керек.Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс» деген болатын. Бүгінгі бас қосуға Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әбенов Дәулет Құсайынұлы ұлттық тәрбие мәселесі туралы сөз қозғады. Ұлттық тәрбиені қалыптастыру үшін әр адам өзінен бастау керектігін баса айтты. Өткізілген шара соңында кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы оқырмандарға алғысын білдіре келіп, ақын Ертай Ашықбаевтың «Кітап – дос, кітапхана достарыңның үйі» деген қанатты сөзімен жастарды кітап оқуға шақырды.

IMG 0039IMG 0046IMG 0054IMG 0069IMG 0034