С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

5 қараша күні кітапханада Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, тарихшы-ғалым, профессор Закраддин Байдосов атындағы кабинеттің ашылуы өтті. Ғалымның өзі қатысқан жиынды Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы ашты. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері Еркін Жолмырзаұлы Құрманбек, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы атынан Мұхтаров Сабыржан Сағидуллаұлы сөз сөйлеп, ғалымның осы кезге дейін атқарған ғылыми еңбегіне зор бағасын беріп, ашылған кабинеттің ғылым іздеген жастарға өте қажет екенін айтты. Бұл кабинетте Закраддин Байдосовтың тұтынған заттарымен қатар, сонау жылдардағы майшаммен оқыған 1500 дана құнды кітаптары мен ғылыми еңбектері бар.
Шарада сөз сөйлеген Закраддин Байдосов: «Еңбегімді елеп, құрмет көрсеткендеріңізге көп рақмет», - деп кітапхана ұжымы мен тілектес жандарға алғысын білдірді. Мәдениет қайраткері Перуза Нарман әннен шашу шашып, көрерменнің көңілін көтеріп тастады. Ғалымның еңбектеріне арналған «Ел ардақтаған азамат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG 0008IMG 0009IMG 0020IMG 0029IMG 0030IMG 0039baishevabiblioteka 253965982 290514866267098 5053991596706650839 nbaishevabiblioteka 252620857 280945890585802 7640956346443591636 nbaishevabiblioteka 252106302 112186121142276 524852172206888092 n