С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

11 қараша күні  С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімшесі  «Тәрбие турасындағы сыр» атты ашық  сұхбат алаң шарасын ұйымдастырды. Мақсаты -  жас ұрпақтың өзінің және қоғамның алдында, өз іс-әрекетінің  нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіну, дүниетанымын қалыптастыру, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін құрметтеу, отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру, жаңа идеялар арқылы болашаққа баянды қадам жасап, еліміздің дамуына үлес қосу болып табылады.
Шара қонақтары Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық - ағартушылық штаб мүшесі – Құрақбаев  Райымбек ,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ жанынан құрылған «Zaman Bizdiki» Интеллектулды Элиталар одағының мүшелері: Экономика және құқық факультеті, жергілікті басқару мамандығының 2-курс студенті Ханиев Аманжол, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2- курс студенттері Дүйсенбаева Тоғжан менТемір Айша, «Елмұра» ұлттық - танымдық клубының мүшелері  Бейсенғалиева Алия Уринбасаровна және Айжарыкова Шамшия Жакуқызы бүгінгі қоғам  алдыңда тұрған ең жауапты міндет - тәрбие туралы ойларын ортаға салып , пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында «Тәрбие турасындағы сыр» атты нақыл сөздер жазылған слайд және оқырман назарына ұсынылған бейнероликтер  тақырып төңірегіндегі әңгімеге ой түрткі болды. Қорыта айтқанда: «Атадан ұл туса игі , ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі», - деген данышпан Төле бидің дана сөзін, «Ұят болады »-деген ұғымды әр уақытта есінде ұстаған адам ұтады. Қоғамда өз орнын табады. Адамның бойында адамгершілік қасиет әр уақытта болуы қажет. Тәрбие ең қасиеті ұғым. Шараға қатысушы Ақтөбе көлік коммуникация және  жаңа технология колледжі мен  «М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академисы» АҚ Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжінің  студенттері де ойларын толық жеткізіп, белсенді болды.

baishevabiblioteka 254895555 4586432468082863 5146193836708886228 nbaishevabiblioteka 256495708 632987791058310 6890438845351254318 nbaishevabiblioteka 246957575 298457035470365 2832012096827913829 nbaishevabiblioteka 254981313 623917989020609 3247661566071291478 nbaishevabiblioteka 256055614 324189685726316 5073708648796879375 n