С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

13 желтоқсан күні «Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында ұлық мереке Егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кітап фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б.Елеусінова ашып, «Тәуелсіздікке тарту» мерекелік кешімен жалғасты. Кеш барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық әдеби онлайн марафонының жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Кітап фестиваліне Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ақын Е.Ашықбаев, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорының директоры, ақын Б.Қалмағамбетов, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Самбодан әлем чемпионы, Әмбебап жекпе-жектен 5 дүркін әлем чемпионы, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты Р.Байлиева, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Г.Қалдина, ақынА.Мырзабай,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімі, Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі, аға лейтенант А.Баймурзина, «Рухнама» атты  шығармашылық орталығының жас ақындары С.Орынбай, С.Азамат, Ә.Еркінқызы және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі, Көпсалалы АГУ Тарлан колледжі, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кітап фестивалі 13-15 желтоқсан аралығында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы,С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы және Облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өтеді. Фестиваль барысында ақтөбеліктер мен қала қонақтары ұлттық құнды жауһарымызбен танысып, білім нәрімен, ән – күймен сусындап, инсталляциялық кітап көрмелерінің, «Білімді мыңды жығар...» эрудиттер алаңындағы интеллектуалдық түрлі викториналық ойындардың, «Туған жер өрнектері» атты қылқалам шеберлерінің қатысуымен өтетін шеберлік сағатының, «Тәуелсіз елдің - жаңашыл айнасы» атты креативті кітапхана аясында жасалған 3 D модельдер көрмесінің  куәсі болады.
«Тұғыры биік Тәуелсіздік» кітап фестивалі – кітап оқуды қолдауға және қоғамның кітапханаларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік-мәдени шара. Фестиваль мақсаты – Ел Тәуелсіздігін ұлықтау, егемендік алған жылдарындағы кітапхана қызметін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, кітап оқуға шақыру.

baishevabiblioteka 266765513 702883087359002 8036551507650703759 nbaishevabiblioteka 266335806 492923732052086 5962302756896728313 nbaishevabiblioteka 267222563 199662499032601 7514851172105529479 nbaishevabiblioteka 266398521 328223132198579 8350272805486830851 nbaishevabiblioteka 266791113 276081101041088 6495727455818119145 nbaishevabiblioteka 267153751 332524895275225 1039645408140866583 nbaishevabiblioteka 267150880 289419056313859 1832962559933399824 nbaishevabiblioteka 266616053 428425285623732 1891623082318382036 nbaishevabiblioteka 267141315 149267494104043 811471922154533724 n