С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

14 сәуір күні «Ой маржаны-кітап» атты медиа жобасы және «Қазақстанның оқырман ұрпағы» акциясы аясында филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» қауымдастығының Кеңес мүшесі, журналист, «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабының авторы Қанат Әуесбаймен «Bookdating» әдеби онлайн сұхбаты Zoom платформасында тікелей эфирде өткізілді. Сұхбатқа Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, кітапхана директорының орынбасары Тілеулесов Талғат Бурханұлы, TILSHI.KZ сайтының жетекшісі, журналист Асқар Ақтілеу, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық филиалының басшысы Мұстафина Әсел Сағынғалиқызы қатысып, журналист Қанат Әуесбайға жүрекжарды пікірлерін арнады. Өз кезегінде журналист Қанат Әуесбай оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, қызықты іс-сапарлар туралы айтты. Сонымен қатар, журналистикадағы тәжірбиесімен және өзі оқыған кітаптарымен бөлісті. «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабының авторы Қанат Әуесбай сұхбат барысында кітаптың жазылу тарихын баяндай отырып, шетел мен қазақ мәдениетіндегі айырмашылықты ашып айтты. Мемуар жанрындағы кітаптарды оқитын журналист жастарға ойын анық жеткізуден қорықпай, ақпараттың растығын дәлелдемей жатып жарияламауға кеңес берді. Ақпараттық заман дамыған заманда өзге тілді меңгеріп, сауатты жазу – журналист Қанат Әуесбайдың басты қағидасы.

Слайд1Слайд2Слайд3