С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

20 қыркүйек Көрмелік-бұқаралық жұмыс (коворкинг) секторы ұйымдастыруымен «Отаным - Отбасым» атты отбасылық кездесу-сұхбаты өтті.  Шарамызға алтын алқа иегері, медиатор, психолог, тәрбиеші Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы отбасымен қатысты. Сұхбат барысында Бибігүл Әбдішүкірқызы, оқырмандарға отбасының маңыздылығын түсіндіріп, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, отбасы мен ата-ананы бағалауды, сонымен қатар, өз отбасын үлгі ретінде көрсетіп, рухани азық жинап, жас буынға ой салды.«Өнерлі өрге жүзер» демекші, кешіміздің кішкентай қонақтары Самира мен Сұлтан Әбілдаевтар өз өнерлерін паш етті. Оқырмандар қонақтарымызға тілектірін білдіріп, кездесу сұхбаттан керемет әсер алғандарын айтып өтті.

IMG 0015IMG 0025IMG 0045