С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

20 қыркүйек күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында  Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырған «Туған жер өрнектері» атты облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы өтті. Облыстық әдеби шығармашылық іс-шараға С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Т.Тілеулесов, №69 ЖБОМ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Алашбаева, кітапхананың жұртшылықпен байланыс және бұқаралық жұмыс бөлімшесінің баспасөз хатшысы М.Сандыбай қазылық етіп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады.

1-орын  Жақсылық Әлихан I дәрежелі Дипломмен марапатталды және смартфон Samsung  A12.
2-орын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті Жанова Аружан II дәрежелі Дипломмен марапатталып, смарт-сағаты.
3-орын Д. Қонаев атындағы ЖББОМ 10-сынып оқушысы Өтеуалина Азеля III дәрежелі Дипломмен марапатталып, сыйлыққа фитнес браслет  табысталды.
10 ынталандыру сыйлығы және  барша қатысушыларға  алғыс хаттар берілді.

IMG 0021IMG 0024IMG 0027IMG 0028IMG 0058IMG 0060IMG 0064IMG 0076