С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

23 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының авторлық жобасы өтті. Фестивальдің ашылу салтанатына ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Нұрлыбек Қалауов, жазушы, қоғам қайраткері Мәди Раимов, журналист, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Жаншаева қатысып, бүгінгі игі бастамаға сәттілік тіледі. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Дулат пен Рита Айтжановтар әсем әнмен әрледі.
Кітап фестивалі аясында жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында еркін форматтағы «ПоэзияParty» шарасы өткізілді. Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультеті «Жас Қаламгерлер» ұйымының мүшелері, Ақтөбе гуманитарлық колледжі мен АГУ Тарлан колледжінің студенттері қатысты. Поэзия кешінде қатысушылар еркін тақырыптағы өлеңдер оқып, кітапханашы  Жұманова Айша мен облыстық халық шығармашылығы орталығының әншісі Дүйсенбаев Талғат әсем әндерін орындады.
Ақын  Мұхтар Құрманалиннің 95 жылдығына «Жыр тарланы» атты жыр сағаты өткізілді. Аталмыш шарада ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, ақын, ҚР Қорғаныс университетінің профессоры, Мұхтар Құрманалиннің шәкірті Нұрлыбек  Амандәулетұлы Қалауов сөз сөйледі. Мұхтар Құрманалиннің ұлы Болат Мұхтаров әкесі жөнінде естеліктерімен бөлісіп, әкесінің есімін тегі ретінде қалай алғандығы жөнінде мәлімдеді. Мұхтар Құрманалиннің туысы Кеңес Жүсіпов ақынның сыйластығы жоғары, биік адамгершілік қасиеті жөнінде атап өтті. Шара барысында ақын Мұхтар Құрманалиннің өлеңдері тыңдарман қауымға жетті. М.Құрманғалиева атындағы №32 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66, Х.Досмұхамедұлы атындағы №35, №37  жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары ақын Мұхтар Құрманалиннің өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
XX ғасырдың басындағы саяси тұлға, қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазының ұлы жолы» атты оқырмандар конференциясын өткізді. Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, филология ғылымдарының докторы, профессор С.С.Исакова, сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.М.Еспембетова ,Алға ауданы, Қарағаш ауылындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі  Е.А.Аманғалиев,Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басмаманы Қ.Қ.Сағынбаева, №24 А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Н.Нұртасова, Алға аудандық Ізтай Мәмбетов атындағы балалар кітапханасының  меңгерушісі А.А.Изтлеуова қатысты. Шара барысында оқырмандар назарына ұйымдастырылған «Ұлтын сүйген ұлы ұстаз» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы Г.А.Омарханова көлемді  библиографиялық шолу жасап, ақынның мысал өлеңдерін,   №37 қазақ орта мектебінің 8 «а» класс оқушылары,кітапхананың оқырмандары Ж.Сарсенбай,Ж.Сансызбай,  С.Байтурин жатқа оқып берді.
Сонымен бірге, «Баспасөз – ойдың талмас қанаты» мерзімді басылымдар көрмесі, «Авторлық қолтаңбасы бар әдебиет: сый, естелік және тарих», «Балалар әлеміне саяхат» кітап көрмесі, ойындар, викториналар, «Boardgames time» үстел ойындары, «Poetry Day» ағылшын жазушыларынан үзінді  оқу, Букроссинг ұйымдастырылып, «Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабының бейнеролигі әлеуметтік желіде оқырмандар назарына ұсынылды.
«Әр қазаққа бір кітап!» жобасы аясында Онтүстік Корея  елінің Тэджон қаласындағы«KAIST» университетінің 1- курс  студенті Сансызбай Абай Қуанышұлына электрондық нұсқада  Ілияс Есенберлиннің  «Көшпенділер» кітабы табысталды. Абай С.Бәйішев атындығы Ақтөбе облыстық  әмбебапғылыми кітапхана  ұжымына алғысын онлайн байланысқа шығып білдірді.

IMG 0067IMG 0024IMG 0081IMG 0086IMG 0005IMG 0022IMG 0025IMG 0031IMG 03050