С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Республика күні қарсаңында 21 қазанда кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену мақсатында «Ымырттағы кітапхана - күзгі кездесу 2022» әлеуметтік-мәдени шарасы ұйымдастырылды.
«Абонемент» бөлімі еркін форматта поэзияны сүйетін студенттермен «Поэзия Party» өткізді. Кеш қонақтары жазушы Б. Тәжібаев атындағы номинация иегері – Алихан Жақсылық, жас ақын, Қ. Мұхамбетқалиұлы атындағы номинация иегері – Нұрдаулет Кабасов студенттермен сұхбаттасып, өздерінің жүрек жарды тілектерін айтты. Ақтөбе гуманитарлық колледжі мен АГУ Тарлан колледжінің студенттері қатысты. Поэзия кешіне қатысушылар еркін тақырыптағы өлеңдер оқыды: махаббат, күз, табиғат т. б.
Анықтама-библиографиялық бөлім «Сиқырлы сандық» ойындар мен викториналар ұйымдастырды. Қонақтарға күз туралы сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар сүйікті әндер мен өлеңдерді айту немесе оқу ұсынылды. Білгірлер мен ержүрек қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Қолөнер әуесқойлары «Күзгі жәрмеңке» көрме-жәрмеңкесінде әртүрлі бұйымдарды: өз қолдарымен жасалған ұлттық бас киімдерді, тоқылған бұйымдарды, зергерлік бұйымдарды және т.б. сатып ала алды.
Қала студенттері мен еріктілер арасында ашық алаңдағы коворкингте «Музейдегі түндер» аясында Kahoot ойындарының сериясы, сондай-ақ викториналар мен үстел ойындары өтті.
Кітапханада барлық бөлімдерде көрмелер ұйымдастырылды:

- «Баспасөз – ойдың талмас қанаты» (мерзімді басылымдар бөлімшесі)
- «Қос қанатты пырағым» (оқу залы)
- «Күзгі әуен» картиналар көрмесі (өнер бөлімі)
- «Тарихы терең – Ақтөбе» (өлкетану бөлімі)
- Инсталляция «Күз –мерекем, күз – берекем» (негізгі қорды сақтау бөлімі)
- «Балалар әлеміне саяхат» (ақпараттық-библиографиялық қамтасыз ету бөлімі)
Шараны Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері әсем әнмен әрлеп, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері өз өнерлерін көрсетті.

IMG 0023IMG 0054IMG 0065IMG 0074IMG 0116IMG 0128IMG 0139IMG 0147IMG 0163