С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

8 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зияш Телеуованың «ТІРІ ӨЛІК» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шара барысында ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы мен ақын, Өтежан Нұрғалиев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Алмас Ахметбекұлы келіп жылы лебіздерін білдірді. Бауыржан Өміржанұлы «Кітапхана біздің құттыханамыз», - деп сөз бастап, детектив жанрының қазақ әдебиетінде дамымай қалған жанр екендігін айтты және осы жанрды жазғандардың ішіндегі бірегейі деп Зияш Телеуованы атады.
Мәдениет және өнер қызметкерлері,  Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері «Қаламы жүйрік қаламгер» тақырыбындағы кітап көрмесінде жазушы Зияш Телеуованың туындыларымен танысып, тұсауы кесілген кітап туралы мәлімет алды. Көрмеде 2004 жылы жарық көрген «Тау самалы» атты жыр жинағы шықты. 2009 жылы Алматы қаласындағы «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» баспасынан балаларға арналған «АБКА» тобы ашқан қылмыс» тақырыбындағы детектив, 2013 жылы өлкеміздегі «А-Полиграфия» баспасынан «Махаббаттың ажалы» тақырыбындағы қазақша детектив жарық көрді. 2019 жылы Астана қаласы, «Фолиант» баспасынан «Құлаған үйдің құпиясы» атты жасөспірімдерге арналған көркем шығарма жарық көрді. Детективті проза авторларының ішіндегі ең танымал ағылшын жазушысы Агата Кристидің «Жеті циферблаттар құпиясы» атты детектив-романын 2020 жылы орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалады. 2021 жылы Алматы қаласындағы «Дәуір» баспасынан «Тірі өлік» атты шытырманға толы туынды жарық көрді. Шығарма «Махаббаттың құлы», «Қызғаныштың құлы», «Қожайынның құпиясы» деген 3 оқиғадан тұрады.  2022 жылы Ақтөбе қаласы, «Полиграфия» баспасынан «Шам – Дария» атты кітабы жарық көрді. Шара соңында қатысушы оқырмандар жаңа кітаппен танысып, автордан қолтаңба алды.

IMG 0009IMG 0026IMG 0028IMG 0034IMG 0040IMG 0045