С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

24 қараша күні  «Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: жоспарлау және есеп беру» тақырыбында кітапханашылар  арасында  облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар барысында кітапхананың жылдық жоспары мен есебінің жүргізілуінде туындайтын мәселелер талқыға салынды. Кітапхананың жұмысын жоспарлау және оған негізделген есеп беру - бұл негізгі көрсеткіштерді белгілейтін, бағыттайтын және тіркейтін құжаттар болып табылады.
Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік   шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімінің басшысы  Н.Б.Демешова «Оқитын ұлт» жобасы  және  аймақтарды  дамыту жоспары  бойынша  атқарылып  жатқан  жұмыстарға   бағыт-бағдар берді. Кітапхана директоры С.М.Хакимова өз сөзінде кеңестер мен жасалған ұсыныстарға  пікірін білдіре отырып семинардың жұмысына сәттілік  тіледі. Сонымен қатар «Кітапханадағы жоспарлау және есеп беру қызметі», «Кітапхана қорына келіп түскен құжаттарды есепке алу», «Кітапхана қорын қалыптастыру және сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамалар жасалып, кітапханашылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.
«Коммуникативті дамыту» тақырыбында өткізілген тренингте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, тренер-ментор Сағадатов Райбек семинарға жиналған кітапханашыларға өзін-өзі  дамытудың жолдары және кітапхананы жарнамалаудың тиімді тәсілдерімен бөлісті. Семинарға  облыс кітапханаларының басшылары, облыстық, қалалық, аудандық  кітапханалардың әдіскерлері мен кітап қорын толықтыру бөлімдерінің  қызметкерлері қатысты. Жалпы, семинар өте мазмұнды болды, кітапхана қызметін жетілдіруге бағытталған тиімді практикалық кеңестер мен ұсыныстар берілді.

IMG 0020IMG 0012IMG 0018IMG 0022IMG 0032IMG 0035