С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

18 сәуір күні  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Адам жанының суреткері» республикалық онлайн конференциясы өткізілді.Конференцияға ZOOM платформасы арқылы Орал қаласынан Академик, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану академиясының мүше корреспонденті, филология ғылымдарының докторы , профессор Мұсаев Алпысбай Мұсаұлы, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Қараманова Жанат, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Дүйсембаева Ботакөз, А.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасы негізгі кітап қоры бөлімінің меңгерушісі Сералиева Гүлзира қосылды. Сонымен қатар, шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Жиенқұлова Гүлбарша, №69 жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Алашбаева Гүлжайнар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 2- курс магистранты Төлеген Ибрахим, Халықаралық журналистер одағының мүшесі, кітапхана оқырманы Сабырғалиев Нұрлыбек, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Омарханова Гүлназия қатысты.Шара барысында «Парасат майданының шырақшысы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

IMG 7359 IMG 7359 IMG 7359 IMG 7359 IMG 7359