С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

     16 наурыз күні «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалып алынған жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жыл толуына орай Ырғыз аудандық кітапханасымен бірлескен «Замана перзенті» әдеби кеші өтті.
    Шарада ҚР құрметті журналисі, өлкетанушы Рахымжан Өтеміс, жазушы Өтебай Қанахиннің інісі Абзал Байман өз естеліктерімен бөліссе, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, ҚР Журналистер   одағының мүшесі Марат Мырзалы қаламгердің өз қолымен жазған «Рахымжан, Зәкіржан, Маратқа» хатымен таныстырды. №69 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжайнар Алашбаева жазушының әдеби мұрасы туралы баяндама оқыды. Ырғыз ауданының №1 қазақ ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  гуманитарлық ғылым   магистрі Әсемгүл Жолаева «Ата қоныс» эссе-повесіндегі фразеологизмдер қолданысы туралы баяндама оқып, кітапхана қорына «Өтебай Қанахин шығармаларын оқытудың көркемдік маңызы» тақырыбындағы әдістемелік құрал табыстады. Сазгер, «Шығармашылық Академиясы» МКҚК әншісі Нұрталап Жүсіпов әсем әнін шырқады. «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары мәнерлеп өлеңдер оқыды. Қалалық ЖОББМ-терінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ,  Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері шараның куәгері болды. Шара барысында өмірі мен шығармашылығына арналған «Кең тынысты суреткер» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды және слайд көрсетілді.

IMG 0007 IMG 0007 IMG 0007 IMG 0007 IMG 0007 IMG 0007 IMG 0007