С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

19 қазан күні Халық жазушысы, драматург, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай «БОРАННАН ШЫҚҚАН БАҺАДҮР» облыстық конференциясы өтті.
         Шарада сатирик, журналист Ардақ Қонақбай, ҚР  Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин белгісінің, Еңбек  ардагері  белгісінің  иегері Ақжеңіс Жаналина, кітапхана ардагері, тіл жанашыры Ғалияш Жанесова, Бәйішев университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, жиенғалитанушы Ғайша Ниязова, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің студенті Диана Жолдыбаева баяндама оқыды және С.Бәйішев университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Берік Нұрмұхамедов жазушының өмірі мен «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары, «Ант» драмасы және т.б. шығармалары туралы ғылыми баяндама оқыды.
Сонымен қатар, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тахауи Ахтановтың замандасы Серікбай Оспанов арнайы бейнежолдау жолдады.
Жазушының балалары Дулат Ахтанов пен Әсия Ахтанова конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, арнайы хат жолдады.
С.Бәйішев атындағы АОӘҒК қызметкерлері жазушының «Шырағың сөнбесін» шығармасынан үзінді монолог оқыса, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің студенті Нұрбек Жақсылықов Ақұштап Бақтыгерееваның «Екі рет келген жиырма бес» арнау өлеңін оқыды.
С.Бәйішев атындағы университеті мен Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары баяндама тыңдап, рухани азық алды.
         Шара барысында жазушы Тахауи Ахтановтың архивте сақталған суреттері қойылып, фото көрме ұйымдастырылды, «Шалқар шабыт иесі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді, «Шырағы сөнбеген кемел тұлға» тақырыбында QR кодымен жазушының 25 кітаптары жинақталған стенд ұсынылды.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1