С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

18 қаңтарда өнер бойынша әдебиет бөлімі Қазақстанның  халық әртисі, әнші Ғ.Құрманғалиевтің туғанына  115 жыл толуына орай «Ән  абызы  Ғарифолла» әдеби  әуен  кеш  өткізді.
          Шараның мақсаты: Қазақ халқының біртуар ұлы Ғ.Құрманғалиевтың қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбегін насихаттау. Ұрпағымыздың  бойына  танымдық, тәрбиелік, эстетикалық  тұрғыдағы ұлттық  құндылықтарды   дарыту.
          Шара барысында Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі, әнші Ғ.Құрманғалиевтың  шәкірті Б.Кәртен қазақтың батыс өңіріндегі әншілік өнердің алтын қазығы Ғ.Құрманғалиевтың өмір жолындағы өнерге бет алған бағыт-бағдарын, өнер саласында театр, ән өнері саласындағы орындаушылық шеберлігі мен шығармашылығы туралы баяндады. Ұстазы туралы естеліктерімен бөлісті.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  музыка және  хореография кафедрасының оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Ғ.Абдирова  Ғ.Қайырбековтің сөзіне жазылған, Ғ.Құрманғалиевтың  «Әнші даусы», «Сәлем» әндерін орындады. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің оқытушысы С.Макуов Ғ.Құрманғалиевтың батыс аймақтағы әнші ақындар мен халық композиторларының шығармашылығын жете меңгергендігін, Мұхиттың әндерімен сусындап, атақты Шайхы мен Шынтастан тәлім алғаның сөз етіп, Ғ.Құрманғалиевтың «Қаламқас» және  Мұхиттың  «Ақ иіс»  әндерін  тарту  етті. Сонымен  қатар, А.Жұбанов атындағы  Ақтөбе музыкалық колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің  студеттері Ә.Жеңіс «Нұржамал», А.Назарбаева «Сүйген жар», Д.Жұбат «Мақтан етемін», Ә.Жұмаев Сараның әні «Батақтың сарысы», Д.Жұмағұлова «Гурьев», Т.Сейтова «Оралым»,  А.Ордабай «Үш қыз», А.Санбаев «Қанапия» әндерін орындады. Бейнебаян көрсетіліп, «Өнері өркен дүлділ әнші» кітап көрмесі жасақталды.  Кітапхана директоры С.Хакимова халық әндерінің елге кең таралуына, тамырын үзбей халықтық мұраны жалғастырып бүгінгі күндері орындап  жүрген  шара  қонақтарына алғысын  білдірді. Шараға А.Жұбанов атындағы  Ақтөбе  музыкалық  колледжінің  дәстүрлі  ән  бөлімінің  студенттері, «TALANT-light»  қызығушылық  клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары   қатысты.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1