С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Қазақстанның халық жазушысы, драматург, аудармашы Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына орай “Көркем сөздің көсемі” әдеби кеші өтті.
Кеш мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығы арқылы оқырман қауымды мейірімділікке, зеректікке баулу, үлкен тәлім-тәрбие беру.
Шараға Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ташимбаева С.Ж. және №39 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеусизова С.У. қатысып, жазушы және оның шығармалары аясында сөз қозғап, баяндама оқыды. Сақыпжамал Жаянқызы студент кезінде дара тұлғамен кездесуге қатысып, өз даусымен әңгімелерін тыңдағанын мақтанышпен айтады. Сәкеннің «Ақан сері» романына тереңірек тоқталып, жазушының кез-келген шығармасы үлкен мәнге ие екенін атап айтты. Салтанат Үсейнғазықызы да өз кезегінде «Жапандағы жалғыз үй» шығармасын толықтай баяндап, кейіпкерлерін талдап көрсетті.
Сері жазушы атанған Сәкеннің туған өлкесінен ZOOM платформасы арқылы Көкшетау қаласынан С. Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің мұражай меңгерушісі Мукушева А.С. қосылды. Қаламгер қақында мағлұматтар беріп, оның құрметіне ашылған мұражай жәдігерлерімен және жұмыстарымен таныстырды.
Кеш барысында “Қазақтың Сәкен серісі - қара сөздің өресі” кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жүргізілді. Жазушының бірнеше шығармалары айтылып, қысқаша баяндалды. Сәкен серінің өз даусымен айтқан әні қойылып, “Заманай” кинофильмінің үзіндісі көрсетілді. №39 мектептің 9-сынып оқушылары белгілі ақындардың жазушыға арнау өлеңдерін оқыды.
Кеш соңында кітапхана директоры қонақтарымызға алғысын білдіріп, марапаттады.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1