Сөзге шешен, ойға жүйрік Шәмші аға
7 сәуір күні кітапхана қызметкерлері Ақтөбе гуманитарлық колледжінің акт залында композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Сөзге шешен, ойға жүйрік Шәмші аға» атты музыкалық кеш өткізді.
7 сәуір күні кітапхана қызметкерлері Ақтөбе гуманитарлық колледжінің акт залында композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Сөзге шешен, ойға жүйрік Шәмші аға» атты музыкалық кеш өткізді.
2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 сәуір күні сағат 1100-де Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Кел, балалар оқылық!» атты әдеби кеш, флешмоб ұйымдастырды.
Жас прозашы Айгүл Жұбаныштың «Жаңбыр жауса екен...» атты тұңғыш кітабының тұсаукесері наурыз айының 28 күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында өтті.
27 наурыз күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғаламдық экологиялық мәселелер» атты экологиялық тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні кітапханада ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың 80 жылдығына орай «Ақ ниеттің адал жыршысы» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өтті.
19 наурыз С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаса, Наурыз дәстүрлі!» аттысалт-дәстүр, ойын-сауық кеші өткізілді.
19 наурыз күнікітапханада «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Оқитын өлке» акциясы аясында 18 наурыз күні «Қаламгер» әдеби қонақжайында жерлесіміз, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналып «Қазақ поэзиясының сәулеткері» атты поэзия кеші Әйтеке би аудандық кітапханасымен бірлесе отырып онлайн режимінде өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында 17 наурызда «Қылқалам әлемі» көрме залында «Ұлттық қолөнер – мәдениет айнасы» атты шығармашылық қолөнер көрмесінің ашылу рәсімі өткізілді.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 17 наурыз күні оқу залы бөлімінде №37 орта мектебінің 10 класс оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Ш.С.Каирова, кітапханашы Қ.А.Урманова қатысуымен «Қазақ мемлекеттілігінің бастауы» атты тарихи сабақ өткізілді.
© 2014 - 2019 С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Барлық құқықтар қорғалған.
Өңдеу және сайта ере жүруі Helena Burbel