Ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

     Бөлім қызметіне жыл сайын 2000-нан астам пайдаланушы  жүгінеді. Олардың ішінде ғылыми қызметкерлер, жоғары,  орта  арнаулы және жалпы білім беретін оқу  орындарының оқытушылары,  әр түрлі сала қызметкерлері, студенттер бар.
     Қазіргі таңда кітапхананың анықтамалық-библиографиялық қорында ғылымның әр саласы бойынша 3000 - ға жуық энциклопедиялар, сөздіктер, библиографиялық құралдар мен ақпараттық басылымдардар  бар. Қордың біршама бөлігін «Кітап және кітапхана», «Библиография», «Мир библиографии», «Библиотека» кәсіби басылымдар, сонымен қатар ҚР Кітап палатасымен шығарылатын баспа шежірелері құрайды.
     Бөлім қызметінде  анықтамалық ақпарат құру және онымен жұмыс жасауға назар аударылады. Бөлімде мақалалардың жүйелік картотекасы, «Казахстаника», «Өлкетану», «Диссертациялардың авторефераттары» каталогтар жүргізіледі.
     «WEB-РАБИС» деректер базасында жұмыс жасалуда. Дәстүрлі каталогтармен қатар пайдаланушыларға электронды каталогі қызметі көрсетіледі. Қазіргі кезде электронды каталог 150 000 мыңнан астам  библиографиялық сипаттаманы құрайды. Сонымен қатар «Заң» толық мәтінді құқықтық-нормативтік деректер базасының online-версиясы бойынша пайдаланушыларға   қызмет көрсетіледі.
     Кітапхананың www.baishev.kz сайтында халықтың виртуалды сұраныстарын орындайтын «Кітапханашыға сұрақ»  қызметі жұмыс жасайды:
     Сирек кездесетін кітаптар кітап қорын сақтау бөлімінің негізгі қоры болып саналады. Бұнда 600 данадан астам қазақ және орыс тіліндегі басылымдар бар:
     - XIX ғасырдың аяғында -- XX ғасырдың басындағы  басылымдар,
     -саяси және ғылыми ойшылдардың ескерткіштеріне айналған,
     -жарық көрген жылына байланысты,т.б.
     Сирек кездесетін кітаптардың қорындағы құнды жинақтардың бірі болып XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басында шыққан басылымдар  есептеледі. XIX ғасырдағы кітаптар  А.Ф.Маркс және Ф.Ф.Павленковтың баспасынан жарық көрген.
     140-тан астам данасы сақталған  көлемі кішкене кітаптар мен қолжазбалардың (миниатюра) жинағы оқырмандарды ерекше қызықтырады. Вавилонда осыдан 4000 жыл  бұрын балшықтан басылған тақтайшаларды - көлемі кішкентай кітаптарды - тарихшылар миниатюраның алғашқы көрінісі деп белгіледі.
     Кітапхана қорында  авторлардың естелік жазулары бар, қолтаңбасы  қойылған кітаптар -  400 данадан асады. Солардың ішінде - Ақтөбе облыстық  әмбебап-ғылыми кітапханасына келген Олжас Сүлейменов, Ғазиза Жұбанованың қызы, К.Медетов, Ресей географы Чибилев, т.б. Қолтаңбалардың бірқатарын атақты жерлестеріміз сыйлаған. Олардың ішінде: А.Айталы, Г.С.Сұлтанғалиева, В.Мартыненко, А.Өтегенов, А.Тайжанов, Т.Төреханов, т.б.