Жаңалықтар

Облыстық кітапхананың «Қаламгер» әдеби қонақжайында Алты алашқа аты мәлім, даланың дана философы атанған  Мөңке Тілеуұлының шығармалары Түркияның Стамбул қаласында түрік тілінде басылып шыққан кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл шараға Алматы қаласынан кітаптың шығуына тікелей себепкер болған түрік ғалымы Мехмет Арсылан, «Мөңке би» қоғамдық қорының төрағасы  Бақытжан Қосанов  мырзалар өз құттықтауларын бейне жазба арқылы жеткізді. 

13 қазан күні оқу залы бөлімшесінің қызметкерлері  18 қазан – Халықаралық рухани келісім күніне орай бабалар мұрасы – салт-дәстүріміз бен асыл дінімізді көздің қарашығындай сақтап, қас­терлеуге шақыру мақсатында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында ойталқы шарасын өткізді. Шара қонақтары «Нұрғасыр» мешітінің наиб имамы  Мухаммедисмаил  Шадман , «Аңсар» кеңес беру -  оңалту орталығының теологы  Бейсембаева Роза Бақытқызы  қоғам үшін өзекті діни мәселелерді арқау еткен сұрақтар төңірегінде жауап беріп, ұлттық мүддемізді қорғап, ана тілінде сөйлеп, салт-дәстүрімізді қастерлеу – парызымыз екенін жәнеосы ағартушылық жұмыстар барысында атқарылып келген және алдыңғы игі істер жөнінде  ойларын жеткізді.

13 қазан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында әйгілі дихан, тары өсіруден бүгінге дейін ешкім қайталамаған Дүниежүзілік рекордтың иесі, ғылым тілінде «Болмасты болдырған адам» деп аталатын тұлға Шығанақ Берсеевтің туғанына 140 жыл (1881-1944) толуына орай «Ақ тарының Атасы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Азаттықтың ақ таңы» атты  республикалық әдеби онлайн марафонын жариялаймыз! 18-30 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған Ел Тәуелсіздігіне арналған өлеңін, эссе немесе мақаласын ұсыну қажет. Шығармашылық жұмыстар 1 қазан – 15 қараша аралығында  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық  поштасында  қабылданады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Толығырақ ақпарат: www.baishev.kz 8(7132)23-01-09, 23-79-99 Ватсап  87078954094 Мұқашева Ақмарал.

5 қазан күні мұғалімдер күніне арналған «Учитель – мастер и творец...» атты Ақтөбе қаласының №23 мектеп лицейінің ағылшын тілі мұғалімі, «Почётный работник образования», «Лучший учитель Казахстана 2012», «Человек года Актюбинской области 2015 года» атақтарының иегері Наталья Александровна Пеннермен кездесу өтті.

30 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына  орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіз Қазақстан» атты  ұлттық кітап фестивалі өткізілді. Бұл күні кітапхана оқырмандар мен қонақтарына өз есігін айқара ашып, танымдық әрі қызықты бағдарламасын ұсынды. Кітап фестивалі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған кітап шеруімен басталды.

С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»  болып жариялануына орай «Балалар әлемі: Кітаптан  өмірлік мұратқа» тақырыбында  ашық алаң шарасын өткізді.

28 қыркүйек кемеңгер жазушы - Мұхтар Әуезовтің туған күні. Осы орайда «Парасат жолы» жобасы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесе филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Айгүл Ісмақовамен «ZOOM» платформасында «Әлем таныған Әуезов» атты онлайн әдеби сұхбатын өткізді.

23 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағатын өткізді. Әдеби сағат барысында жалпыұлттық оқылымға таңдалған кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу өткізілді.

23 қыркүйек күні кітапхана мәжіліс залында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Адалдық – ардың айнасы» атты дөңгелек үстел өтті.