Жаңалықтар

26 ақпан күні кітапханада «Оқитын өлке - 2024» облыстық акциясы аясында таңдалған ақын Сағи Жиенбаев және жазушы Сара Мыңжасарованың  шығармалары бойынша ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
   Шараға қалалық №9 орта мектеп-гимназиясы 9 класс оқушылары қатысып, Даниил Бедный, Нұрдәулет Бидәулет, Жанель Тулегенова, Амина Акмурзаева, Индира Каиржанова, Саида Серик, Мерас Молдабай, Валерий Клячков ақын Сағи Жиенбаевтың «Саяхат», «Я сын степи», «Улыбка мамы»,  «Песня о степи», «Радуга», «Я так хочу, чтобы стихи мои ...» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
    Шара барысында кітапхана қызметкері Рысжан Карагулова «Сырлы саз, жырлы наз», «Рухы мықты жазушы» кітап көрмелеріне библиографиялық шолу өткізіп, қаламгерлердің өмірбаяны мен  шығармалары туралы мәліметтер берді.

       22 ақпан күні қазақ әдебиетінде ерекше орын алған талантты ақын әрі аудармашы, журналист,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі І. Мәмбетовтің 95 жылдығына арналған «Ақ борандай дүлдүл ақын» поэзия кеші өтті.
        Шарада Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ұ.Молдағалиева алғы сөз сөйлесе, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Ақтөбе облыстық филиалының директоры Б.Құрманқұлов пен ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Үш таған» журналының бас редакторы Е.Ашықбаев, ақын, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі Т.Тілеулес лирик ақын І.Мәмбетовтің шығармашылығы жөнінде тұшымды әңгіме айтты.

Қазақстанның халық жазушысы, драматург, аудармашы Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына орай “Көркем сөздің көсемі” әдеби кеші өтті.
Кеш мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығы арқылы оқырман қауымды мейірімділікке, зеректікке баулу, үлкен тәлім-тәрбие беру.
Шараға Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ташимбаева С.Ж. және №39 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеусизова С.У. қатысып, жазушы және оның шығармалары аясында сөз қозғап, баяндама оқыды. Сақыпжамал Жаянқызы студент кезінде дара тұлғамен кездесуге қатысып, өз даусымен әңгімелерін тыңдағанын мақтанышпен айтады. Сәкеннің «Ақан сері» романына тереңірек тоқталып, жазушының кез-келген шығармасы үлкен мәнге ие екенін атап айтты. Салтанат Үсейнғазықызы да өз кезегінде «Жапандағы жалғыз үй» шығармасын толықтай баяндап, кейіпкерлерін талдап көрсетті.

Бүгін кітапханада 14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.    
Шараның мақсаты – оқырмандардың кітапханаға жеке кітаптарын сыйлай отырып, кітапхана қорын толықтыру, кітап оқуды насихаттау.
Шараға   ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев, ақын Бауыржан Құрманқұлов, ақын, журналист Талғат Тілеулес, Т.Досымов атындағы қордың директоры, ақын, облыстық мәслихат депутаты Бижан Қалмағамбетов, Ақтөбе қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова,  «Рика» телеарнасының  редактор-жүргізушісі Ирина Черней, журналист Айсын Байтақова, Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер интернационалистерінің  қоғамдық бірлестігі төрағасы Аслан Балқасынов, «Тахауи Ахтанов кітап үйі» ЖШС,  Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары аграрлық-техникалық колледжі жанындағы республикалық оқу әдістемелік бірлестігінің әдіскері Нұрболат Кулшаров, «Шатлық» Ақтөбе облыстық татар және башқұрт этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігі, Армяндардың «Урарту» қауымдастығы ҚБ бірлестігінің төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Арутюн Микаелян, ,  «Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Елмұра» клуб мүшелері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар мен басқару колледжінің  студенттері мен  кітапхана оқырмандары қатысты. Акция аясында шара қонақтары кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты.

Бүгін 15 ақпан- Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Сертінен еш жаңылмаған» патриоттық кеш өтті.
      Биылғы 35 жылдық маңызды күнге арналған іс-шараға Ақтөбе облысы ауған соғысы  жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық   бірлестігінің   төрағасы А.Н.Балкасынов, Ақтөбе облысы ауған соғысы жауынгер-интернационалистерінің қоғамдық бірлестігінің орынбасары А.Б.Жұмабеков, Ауған соғысының ардагерлері: С.Ә.Қариев,Р.Н.Кенжегарин,А.Иманқұлов, «Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» АӘД пәнінің оқытушысы Е.Ж.Мурсалимов қатысып, жалпы Ауған соғысына аттанған қазақ жауынгерлерінің ресми деректерінің, оның ішіндегі Ақтөбе облысынан әскери қатарға алынған сарбаздар туралы, тарихта өзіндік орны бар оқиғаны  баяндап өтіп, Ұлы даланың айбынды ұландарын халқымызға аянбай қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

26 қаңтар күні 15 ақпан-Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Ақтөбе қаласынан шыққан  ақтөбелік интернационалист жауынгерлерге арналған «Екі ғасырдың батырлары» кітабының  таныстырылымы  өтті.
Биылғы 35 жылдық маңызды күнге арналған іс-шарада кітаптың авторы әрі құрастырушысы,   Ауған  соғысы   интернационалист-жауынгерлері Ақтөбе облыстық  қоғамдық бірлестігінің   төрағасы А.Балкасынов  Ақтөбе облысының интернационалист жауынгерлері туралы кітапта әскери күн тәртібіндегі қиындықтарды бастан өткергендер, аман қалғандар және еңбек етуді жалғастырып отырған ардагерлер туралы қысқаша мәліметтер келтірілгенін айтып өтіп, Ұлы даланың айбынды ұландарын халқымызға аянбай  қалтқысыз  қызмет  етуге  шақырды.
Ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлердің құрметіне арнап  кітапхана оқырмандары: Ақтөбе жоғары Кеңес одағының батыры М.Маметова атындағы медициналық колледжінің  1 курс студенті Б.Алламбергенов ақын Ж.Молдағалиевтің «Отан», А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің 2 курс студенті А.Айдарғалиқызы  ақын Г.Қалдинаның «Қазақ-біз» өлеңдерін оқыса, №64 Ұ.Құлымбетов атындағы ЖББОМ 7- сынып оқушысы А.Ғарифолла «Қазағым», Ақтөбе қаласы №72 орта мектебінің мұғалімі Ә.Шортанғалиев «Атамекен» әнін  орындап  берді. Шараға «Ауған жаңғырығы» кітап көрмесі  мен  слайд  ұйымдастырылды.
        Аталмыш шараға №6655 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқытушылары мен студенттері, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері, БАҚ  өкілдері  қатысты.    

25 қаңтар  күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы ақын, драматург, сыншы Ә.Тәжібаевтың 115 жылдығына орай «Жыр дариясына айналған ақын» әдеби кеш өткізді. Кешке ZOOM платформасымен  Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда  облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының кітапханашысы  И.Ақтай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  оқытушысы, өнертану ғылымының  кандидаты, доцент Г.Искакова, Қызылорда  облыстық филармониясының  әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты А.Иманжаппаров,  Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп  лицейінің  қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  ақын Қ.Жұбаева, Ұ.Құлымбетов  атындағы  №64 ЖББОМ  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Саметова  қатысты. Ұ.Құлымбетов  атындағы  №64 ЖББОМ  7 класс  оқушылары, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп лицейінің  10 класс  оқушылары  ақынның өлеңдерін оқыды. Шара барысында «Толағай тұлға тарлан»  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық  шолу  жүргізілді.

18 қаңтарда өнер бойынша әдебиет бөлімі Қазақстанның  халық әртисі, әнші Ғ.Құрманғалиевтің туғанына  115 жыл толуына орай «Ән  абызы  Ғарифолла» әдеби  әуен  кеш  өткізді.
          Шараның мақсаты: Қазақ халқының біртуар ұлы Ғ.Құрманғалиевтың қазақ өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбегін насихаттау. Ұрпағымыздың  бойына  танымдық, тәрбиелік, эстетикалық  тұрғыдағы ұлттық  құндылықтарды   дарыту.

15 қантарда  өнер бойынша әдебиет бөлімі Қазақ бейнелеу өнерінің негізін  салушы, кескіндемеші - график, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері  Ә:Қастеевтің   туғанына  120  жыл толуына орай  «Тума   талант  табиғаты» шығармашылық  сағатын  өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақтың тұңғыш кәсіби сурет өнерінің негізін қалаушы Ә.Қастеевтің халқына қалдырған мол мұрасын насихаттау, қазақ халқының  рухани  және материалдық құндылықтарын өнер арқылы дәріптеу, шығармашылыққа  шыңдау.

 13 желтоқсан күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің т.ғ.к., аға оқытушысы А.М.Еспенбетованың, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Н.Б.Беисова мен №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Д.Н.Есқалиеваның қатысуымен «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» кездесу кеші өтті.
Сонымен қатар, кешке Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі мен қылмыстық атқару департаментінің қызметкерлері, №40 қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Шара қонақтары    Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған, бұл күн-Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты. Осынау күннің қасіретін еске алып,   қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында сөз сөйледі.