«Жасымнан атым аян Жамбыл едім» атты әдеби жыр кеші

25 ақпан күні адуынды ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жасымнан атым аян Жамбыл едім» атты әдеби жыр кеші ұйымдастырылды.
Шара барысында Ж.Жабаев әдеби-мемориалды музейінің қызметкерлері арнайы дайындалған бейнематериалын жолдап, музейдегі ақын өмірінен сыр шертетін жәдігерліктермен таныстырды. Сонымен қатар, қазақ халқының адуынды ақыны Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасы туралы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Х.Таналиева және облыстық кітапхана қызметкері Н.Бердіғалиева баяндап берді. Әдеби жыр кешінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, №13 орта мектебінің оқушысы Утегенова Мәриям қатысып ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Әдеби жыр кешінің нәтижесінде ақын өлеңдері насихатталып, өскелең ұрпаққа берері мол тағылымды ой өрбітілді.

baishevabiblioteka 153156797 241416020965444 5844242108580682601 nbaishevabiblioteka 153163126 1724414227730757 1123748753137744020 nbaishevabiblioteka 153174778 184791176378202 3909250448525893632 nbaishevabiblioteka 153177301 341531857148715 5269557555210658018 nbaishevabiblioteka 153347124 251847669877675 3429355204853407289 nbaishevabiblioteka 153687666 430365908055459 2014980284408234490 nbaishevabiblioteka 154039653 418681875866152 4472641311187436829 nbaishevabiblioteka 154288018 450395072969281 468264625777866088 n