«Жарасқан Ырғызымның ынтымағы» конференциясы

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» айтулы мерекесіне орай Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Жарасқан Ырғызымның ынтымағы» атты аудандық конференциясы ZOOM қосымшасында өткізілді.
Конференцияға С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Б.Снабаева қатысып, «Бірлік пен татулық – ел тұтастығының кепілі» тақырыбында Тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуге Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 1995 жылы жарыққа шыққан жарлығына сәйкес бүгінгі күнгі тарихы мен айрықша қызметіне баяндама жасады.
Баяндама барысында біртұтас мәдени кеңістікті кеңейту мен нығайтуға, ұлттық-мәдени дәстүрлерді, көп ұлтты еліміздің рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттауға  атқарылған  іс-шаралға тоқталды. Сондай-ақ, 2021 жылғы 28 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты онлайн форматта өткен ХХIX сессиясының мақсатына ерекше тоқталып өтті.

WhatsApp Image 2021 04 30 at 18.11.371WhatsApp Image 2021 04 30 at 18.11.372WhatsApp Image 2021 04 30 at 18.11.37