«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел

4 маусымда  С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімшесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мемлекеттік Рәміздер күніне арнап Zoom қосымшасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараның мақсаты: Қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Дөңгелек үстел мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Шара барысында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің ұйымдастырушы педагогы, тарихшы Бекзат Болатұлы Қаумешов «Тұғырлы тәуелсіздігіміздің символы болған, ел Рәміздері тарихына» шолу жасап, «Мемлекеттік рәміздер – патриоттық тәрбие бастауы» тақырып төңірегінде Ақтөбе қалалық маслихат депутаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті директор кеңесінің ғылыми хатшысы Мира Рашидқызы Балтымова баяндады. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің «Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің» жетекші маманы Мирас Жебегенұлы Омаров «Мемлекеттік рәміздер-ел мәртебесі» баяндамасында түсіндіріп өтті. «Ақтөбе облысының Цыган диаспорасы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі  Татьяна Дадусенко және «Возрождение» немістер ЭМБ төреағасының орынбасары Ирина Артыгалиева, кітапхана оқырманы Қ.Жұбанов  АӨУ филология факультеті 3 курс студенті Маржан Әлмұқан ой-пікірлермен бөлісіп, жыр шумағын оқып, тілектерін жеткізді. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашасы Азатгүл Жасұланқызы Қайнақаева, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі Бақытгуль Жақсыбайқызы қатысып, өткізілген мәдени іс-шаралары туралы тәжірибелерін ортаға салды. Zoom қосымшасында өткен дөңгелек үстелге «НұрОтан» ХДПАОФ, Ақтөбе облысы Әділет департаменті, «Қоғамдық келісім» КММ, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі, облыстық, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Слайд2Слайд3Слайд4