«Рухани қазына - 2021» онлайн фестивалі: Кітапхана саласының жаңа мүмкіндіктері мен жетістіктері» атты ашық әңгіме

10 маусым күні кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасында «Рухани қазына - 2021» онлайн фестивалі: Кітапхана саласының жаңа мүмкіндіктері мен жетістіктері» атты ашық әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты: кітапханақызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа технологиялық деңгейін жетілдіру, фестиваль жүлдегерлерінің жетістіктерін насихаттау және өзара тәжірибе алмасу. Шараны кітапхана директоры Қ.С. Раймбаева жүргізді.  Сөз алғандар С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.С. Раймбаева «Кітапхана – рухани жаңғыру жолында», Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры С.М. Хакимова «Балалар кітапханасы – шығармашылық кеңістігінде»,   Ойыл аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Г.А. Қаплиева «Ақылды ертегі», «Р.Сыздықованың ғылыми мұрасы және ғалым феномені» жобаларымен, Қобда ауданы Қызылжар ауылдық модельді кітапханасының  меңгерушісі Т.А. Оразалина «Ауылдық кітапхана – рухани жаңғыру орталығы»,  С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмелік-бұқаралық жұмыс (коворкинг) орталығының кітапханашысы Т.Б. Тілеулесов ақпараттық – сервистік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі А. Қ. Салиева «Тарих естелігі – ұрпақтар сабақтастығы» жобасымен, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Б.А.  Снабаева «Тарихы терең Ақтөбе» өлкетану жобасымен,  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Н. Калдина «Даналық дефилесі» шығармашылық жобасымен, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының кітапханашысы  Қ.Н.  Қонысбай «Көп оқыған қария – ақылы теңіз дария» жобасымен,  Шалқар аудандық орталық кітапханасының  кітапханашысы А.Б. Серимбетова «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» жобасымен, Мәртөк ауданы Родниковка ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы С.С. Сулейменова «Соғыс. Ерлік. Мәңгі есте!» патриоттық жобасымен  кітапхана және кітапхана қызметкерлерінің жұмыстары, жобалары, портфолио дайындау барысындағы қиындықтары мен жетістіктері, жаңа мүмкіндіктері туралы айтылып, қысқаша бейнежазбалар көрсетілді. Еркін микрофонда әрбір қатысушы өз ұсыныстарын жеткізді.
Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Р.М. Джарылгапова шараны қорытындылай келе байқауға қатысушылырдың жұмыстарын саралай отырып,  келешекте кемшіліктерді түзетіп, қаталіктер кетпеуін  айтты. Шараға облыстық, аудандық, қалалық және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Қатысушылыр саны-66. Байқау нәтижесінде республикадан жүлделі орын алып, 500 мың ақшалай сертификатқа «Үздік кітапханалық онлайн жоба-2021» номинациясы бойынша  С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмелік-бұқаралық жұмыс (коворкинг) орталығының кітапханашысы Т.Б. Тілеулесов, ақпараттық – сервистік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі А.Қ. Салиева және «Үздік облыстық маңызы бар балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Н. Калдина ие болды.

IMG 00199IMG 0021