«Қобдадан шыққан өр тұлға» атты танымдық іс-шара

8 маусым күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттер бөлімі Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесе отырып ақын, журналист, аудармашы, халықаралық «Пен-Клубтың» мүшесі, А.Өтегеновтың мерейтойына арналған библиодесант жобасы аясында «Қобдадан шыққан өр тұлға» атты танымдық іс-шарасын Skype қосымшасында өткізді.
Ақынның өмір жолынан сыр шертіп, шығармашылығын насихаттауға арналған іс-шарада әріптес әрі досы ақын-драматург, өнер зерттеушісі Н.Қалауов: «Бүгін біз үлкен игілікті іс жасап отырмыз. А.Өтегенов - қазақтың мақтаны болуға лайықты үлкен талантты тұлға. Ол орысша білім алғанменен және орысша өлеңдерін жазғанменен оның жан дүниесі, танымы, болмысы «ҚАЗАҚ» болатын», - деп Амантай ақын арасындағы үлкен достық орнау барысында көптеген өлеңдерін мемлекеттік тілге аударғанын айтып берді.
«Амантай Шәмілұлы кітапхана оқырмандарына тек ақын ғана емес, сондай-ақ кітапханамызда «Қаламгер» әдеби қонақжайын ашқан әдебиет жанашыры ретінде де таныс. Бүгінгі танымдық шара ақынның арманына айналған «Амантай ақын деген атым қалмаса да мейлі, бірақ артымда, бір шумақ болса да, ел аузынан түспейтін жырым қалса екен...», - деген сөзі қарымды қаламгер А.Өтегеновтың жарқын бейнесі мен өлеңдері ешқашан да ұмытылмайтындығына тағы бір дәлел» - деді өз сөзінде өлкетану әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Б.Снабаева.

123