«Әдебиет - ұлттың жаны» тақырыбында кездесу

 17 маусым күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Әдебиет - ұлттың жаны» атты «Руханият» клубының мүшелерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Кітапхана қызметкерлері А.Мұқашева, Г.Омарханова «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына таңдалған әдеби кітаптарға библиографиялық шолу жасап, кітаптарды талдады. Кітапхана оқырмандары А.Утегенова, Ж.Қайралапова өздері оқыған А.Кристидің «Ғайып болған миллион», О.Памуктың «Менің атым – Қырмызы» әсерлі оқиғаларды баяндап берді.

234