«KIDS BOOK FEST-2021» фестивалі

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 25 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 19.00-21.00 аралығында  Абай гүлзарында 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердіңкітап оқуын қолдау жылына орай «KIDS BOOK FEST-2021» фестивалі (Балалар кітап фестивалі - 2021) өткізілді.
Фестивальға Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ҚР Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімі, облыстық кітапханалар, Ақтөбе облысының аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелері, ақын-жазушылар, мәдениет саласының ардагерлері, Т.Ахтанов атындағы кітап дүкені, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Руханият», «Елмұра», «Өнерпаз» клуб мүшелері, «Family school»шығармашылық студиясы, кітапхананың белсенді оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында концерттік бағдарлама, кітап көрмелері, балаларға арналған танымдық ойын-сауық шаралары, викториналар, сурет салудан және роботехника жасаудан шеберлік сағаттары, ойындар, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Фестиваль мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру,  кітап оқу мәртебесін көтеру, отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін насихаттау.
Фестивальға белсене қатысқан кітапхана оқырмандары кітапхана директоры  Қ.Раймбаеваның атынан алғыс хаттарға ие болды.
Барлық фестиваль қатысушыларына кітапхана ұжымы атынан алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыстар мен амандық тілейміз!

123456789