«Өлең сөздің патшасы» атты әдеби - сазды кеш

10 тамыз – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақ әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, шығыс пен батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі етіп көрсете білген, хәкім Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби - сазды кеш өтті.
Кітапхананың «Коворкинг» орталығында өткен шараға Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаты, елімізге белгілі журналист Жаншаева Бақыт Құрманқызы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, филология магистрі Абдуллина Анар Боранқызы қатысты.
Жақында «Ырғыздан Ырғызбай еліне» атты экспедициясымен Семейге барып келген Бақыт ханым Абай елінен алған әсерімен бөлісіп, кітапхана оқырмандарына әңгімелеп берді. Анар Боранқызы Абайды алғаш таныған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов жайлы баяндап, ақынның шығармашылығын сөз етті.
Сонымен қатар ақынның шығармалары мен әндерін кітапхананың жас оқырмандары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқып, әнін орындап берді. Кеш соңында кітапхана директоры Құралай Серікқызы қонақтарға алғысын білдірді.

123