«Парасаттылық пен адалдық – табысты өмірдің кепілі» атты дөңгелек үстел

18 тамыз күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасаттылық пен адалдық – табысты өмірдің кепілі» атты дөңгелек үстел онлайн форматында өтті. Алғашқы сөз кезегінде кітапхана директоры Қ.С.Раймбаева  облыс кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары бойынша атқарылған шараларға тоқталса, шара қонақтары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Д.Абекенов, анықтау және іздестіру бөлімшесінің бастығы, заң мәселелері бойынша бөлім бастығының орынбасары, подполковник Л.Ж.Нугаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екеніндігін айтып өтті.
Мәртөк аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы А.Қ.Култаева, Ырғыз аудандық орталық  кітапханасының әдіскері А.А.Нұрмаханова орталықтарда атқарылған жұмыс барысына тоқталды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, коворкинг орталығының қызметкері Т.Б.Тлеулесов рухани құндылықтар арқылы парасаттылықты, адалдықты дәріптеу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайында өз пікірімен бөлісті.
Ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз  ету бөлімінің бас маманы Ж.А.Жумагереева шараға арнай жасақталған «Жемқорлық – ғасыр дерті» виртуалды кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, таныстырды.

123