«Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағат

23 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағатын өткізді. Әдеби сағат барысында жалпыұлттық оқылымға таңдалған кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу өткізілді. Іс-шараның арнайы қонақтары ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы С.Ордашева,кітапханың белсенді оқырманы, үздік ұстаз медалінің иегері Ж.Кайралапова, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Р.Бұхарбаева, кітапхана қызметкері Г.Омарханова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Ұ.Айжарыққызы, №35 орта мектебінің 7 «ә» класс оқушысы К.Машырықова қатысып, өздері оқыған әдеби кітаптары туралы пікірімен бөлісті.
Әдеби сағаттың жүргізушісі А.Мұқашева поэзия жанрына ерекше тоқталып, өскелең ұрпаққа берері мол кітаптар туралы қызықты әңгіме өрбітті. Өз кезегінде №37 орта мектебінің оқушылары іс-шараға белсене қатысып, әр кітап туралы өз ойын жеткізді.

IMG 0091IMG 0094IMG 0123