«Әлем таныған Әуезов» атты онлайн әдеби сұхбат

28 қыркүйек кемеңгер жазушы - Мұхтар Әуезовтің туған күні. Осы орайда «Парасат жолы» жобасы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесе филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Айгүл Ісмақовамен «ZOOM» платформасында «Әлем таныған Әуезов» атты онлайн әдеби сұхбатын өткізді.
Алғы сөз алған С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Раймбаева Құралай Серікқызы М.Әуезовтің өскелең ұрпаққа берері мол тағылымды ойлары туралы айта келіп, Айгүл Серікқызына алғысын білдірді. Шараның модераторы Мұқашева Ақмарал теңіздей терең ойдың, асқан ақылдың, таланттың, ұшқыр қиялдың иесі, дана ойшыл, адал азамат, көрнекті қоғам қайраткері - М.Әуезовтің әдеби еңбектері туралы толыққанды ақпарат берді. Айгүл Серікқызы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айта келе, жазушы туралы дәріс берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жарық көретін әдеби туындылар туралы баяндады.           Онлайн әдеби сұхбаттың арнайы қонағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, ҚР ӘҒА-ның академигі - Тайжанов Алтай Тайжанұлы М.Әуезовтің әдебиет тарихына қосқан өлшеусіз еңбегі туралы айта келе, «М.Әуезов шығармаларының дүниетанымдық  өзектері» тақырыбында астарлы әңгіме өрбітті.

 Слайд1Слайд2Слайд3