«Балалар әлемі: Кітаптан өмірлік мұратқа» атты ашық алаң

С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»  болып жариялануына орай «Балалар әлемі: Кітаптан  өмірлік мұратқа» тақырыбында  ашық алаң шарасын өткізді. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Алатаева Гүлмайрам Әбубәкірқызы: Бұл тақырып төңірегінде 2018 жылдың  маусым айында Астана қаласында ҚРМәдениет және Спорт министрлігі, Ұлттық академиялық кітапханасы мен жазушылар басқармасының ұйымдастыруымен  «Балалар әлемі: Кітаптан  өмірлік мұратқа» атты халықаралық балалар жазушыларының форумы өткенін еске салды. Ашық алаңда бас қосқан әдебиет жанашырлары қазіргі балалар әдебиетінің жай-күйі жайында  ой-пікірлерін  ортаға  салып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда өз ұсыныстарын білдірді. Кеш қонақтары: Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Мырза МаликаСерікқызы,ақын,Қазақстан Жазушылар  Одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы Қуанышова, Алақай» қуыршақ  театрының бөлім меңгерушісі Данияр Нұрадинұлы Сағидуллаев, театр актрисасы Райымгүл Хабибуллина, Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының әдіскері Нұрбек Елдосұлы Танирбергенов, № 31 қазақ  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынгүл Бижанқызы Ідірісова.С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Ихсанғалиева,Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі Римма Убайдуллақызы Мәндібаева. Ашық алаңға қатысқандар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Кітапхана директоры  Құралай Серікқызы  Раймбаева аталмыш шара аясында түрлі жобалар мен мәдени іс-шаралардың қолға алынғандығы және қалай атқарылып  отырғандығы жайлы айтып, ашық алаңның қонақтарына алғысын білдірді.Шара соңында«Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі,зейнеткер Шамсия Жакуқызы Айжарыкова тәрбие құралы-кітап екенін түсіндіріп, ақ батасын берді. Кешке балаларға арналған «Білім аралы», «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты  кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Шараға кітапхана қызметкерлері, АГУ «Тарлан» колледжі, Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжі, №10 жалпы білім беретін мектебі, «Елмұра» ұлттық-танымдық клуб мүшелері қатысты. Балалар әлеміндегі құндылықты қалыптастырар тұста кітаптың орны ерекше болу керек. Балаларды өмірлік мұратқа жетелейтін киелі дүние ол-кітап. Кітап асыл қазына.

IMG 0086IMG 0087IMG 0089IMG 0093IMG 0095IMG 0098IMG 0105IMG 0122IMG 0128