«Шекарасыз әдебиет» жобасы

«Шекарасыз әдебиет» жобасының
ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер:

Осы Ереже 2023 жылғы 17 маусымында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» Ұлттық Құрылтайының екінші отырысындағы мақаласын іске асыру аясында әзірленді. Онда ұлттың басты мақсаты - мәдени мұрамызды жан-жақты насихаттау көрсетілген.

Жобаның мақсаты, міндеті мен функциясы:

«Шекарасыз әдебиет» жобасының мақсаты - Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау, жергілікті ақын-жазушылардың, музыканттардың, актерлердің және басқа да тұлғалардың шығармашылығымен таныстыру.

Жобаның негізгі міндеттері әр түрлі елдер арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту, сақтау және нығайту, әртүрлі ұлттық әдеби дәстүрлер мен жазушылар қауымдастығының арасындағы диалогты дамыту болып табылады. Дарынды тұлгалардың шығармашылығын қолдау, қабілеттерінің дамуына жағдай жасау. Елдер арасындағы көпірлерді және байланыстарды нығайту, шығармашылық адамдар үшін мотивациялық жағдай жасау.

Жобаны өткізу тәртібі:

«Шекарасыз әдебиет» жобасы бойынша мәдени-көпшілік іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
«Шекарасыз әдебиет» жобасы бойынша мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру үшін жоспар бекітіледі, өткізу мерзімі белгіленеді.
«Шекарасыз әдебиет» жобасы бойынша мәдени-көпшілік шаралар өткізу туралы шешімдер қабылдауды тараптар екі жақты келісіммен жүзеге асырады.
«Шекарасыз әдебиет» жобасы бойынша мәдени-көпшілік шараларға қатысу үшін шығармашылық тұлғалар, ұжымдар және т.б шақырылады.

Қорытынды ережелер:

Іс-шараларда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен рәсімделеді.

«Шекарасыз әдебиет» жобасы аясында өткізілген мәдени-көпшілік шаралар туралы http://madeniet.aktobe.gov.kzhttps://baishev.kz ақпарат сайттарда орналастырылады.