26 мамыр күні белгілі жазушы, ҚР Құрметті азаматы, ҚР "Отанға сіңірген еңбегі үшін" медалінің иегері Рауль Мир-Хайдаровпен кездесу кеші өтті.
Шараға Жазушы, аудармашы Мәди АбатұлыРаимов; Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, музей директоры Марат РахматоллаұлыГабдрахманов; Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Зару» санаториялық-пантотерапия орталығының жетекшісі Бану Жұбанғалиқызы Тілегенова; Ақын, журналистика саласының ардагері Малика ШакирақызыТугилова; журналист Жанат Сисекенова; ҚОХУ Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті, «Русский мир» орталығының директоры Емельянова Елена Владимирқызы; Ақтөбе облысының татар, башқұрт «Шатлық» ЭМБ, Қ.Жұбанов атындағы Жоғары колледж студенттері, «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі, №22 Ақтөбе қаласы мектебінің мұғалімдері мен оқушылары және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
Рауль Мирсаидұлы Мир-Хайдаров – әйгілі жазушы, бірнеше кітаптың авторы. Рауль Мирсаидұлы Мир-Хайдаров 1941 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында татарлар отбасында дүниеге келген. Мир-Хайдаров білімі бойынша инженер-құрылысшы. Жас кезінде бокспен айналысқан, бірінші спорттық разряды болған. Михаил Месхи, Слава Метревели, Геннадий Красницкий, Станислав Стадник, Берадор Абдураимов сияқты танымал футболшылармен дос болған. Ол джаздың үлкен жанкүйері. Рауль Мир-Хайдаров пен оның жұбайы Ирина әртүрлі бағытта жұмыс істейтін заманауи суретшілерге негізделген Ресейдегі ең ірі жеке картиналар коллекцияларының иелері. Оның коллекциясындағы көркем туындылар Мәскеудің әйгілі галереяларында және шетелде бірнеше рет қойылған.
Шара барысында «Творчесто и есть жизнь» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жұргізіледі. Соның ішінде жазушының «Ранняя печаль», «Судить буду я», «За все – наличными», «Масть пиковая» «Двойник китайского императора» т.б. шығармалары және мерзімді басылымдарға шыққан шығармалары насихатталды.
Шара соңында кітапхана директоры Сұлушаш Максимқызы Рауль Мир-Хайдаровқа Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» кітабын сыйға тартты. Жазушы Рауль Мир-Хайдаров тұрақты оқырмандарының сүйікті кітаптарына және С.Бәйішев атындағы АОӘҒ кітапханасының Тілек кітабын қолтаңба қалдырды. Кештің куәсі болған оқырмандар рухани азық алып, шара соңында қимай қоштасты.
- 49
Пайдалы сілтемелер
