- 480
«Өнерпаз» қызығушылық клубының ережесі:
«Өнерпаз» клубы – жастарды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді және рухани эстетикалық тәрбиелеуде сенімді құрал болып табылады. Жас ұрпақтың бойына қолөнерге деген жауапкершілік сезімдерін, мәдениетін қалыптастыруға және де өнерді сүйіп, аялай білуге, құрметтеуге белсене қатысатын жастарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.
1. «Өнерпаз» клубы С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы өнер әдебиеттері бөлімі негізінде құрылған.
2. Клуб отырыстары әр айдың соңғы бейсенбі күндері өтеді. Танымдық, тақырыптық, музыкалық кештер клуб мүшелерімен бірге ақылдасып өткізіледі.
3. Клуб қызметі кітапхана әкімшілігі бақылауында. Кітапхана әкімшілігі клубтың кездесулері мен әртүрлі іс-шаралар өткізуге қажетті жағдайды жасайды.
4. Клуб басшылығын өнер әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі және осы бөлімнің кітапханашысы орындайды.
5. Клуб басшылығы жылдық жұмыс жоспарын құрады, оның іске асырылуын ұйымдастырады, клуб мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі.
6. Клуб мүшелері клуб белсенділерін тағайындайды, олар өз тараптарынан көпшілік шараларды дайындау және өткізу кезеңінде клуб басшылығына көмектеседі.
Негізгі мақсаттары:
- Танымдық,насихатшылық,жасөспірімдердің бойында Отансүйгіштік пен туған елінің өнеріне деген патриоттық ыстық сезімдерін ояту .
- Әдептілік - аға ұрпақтан жеткіншек ұрпаққа берілетін, ал жеткіншек ұрпақ оқып-тоқып, үйреніп, бойына сіңіретін, дамытып, кемелдендіретін, рухани ынта мен еңбекті қажет ететін қасиеттер, кешірімділік, ұқыптылық, турашылдыққа ден қойдыру мақсатында жұмыс жасау.
- Жас жеткіншектің санасына өз елі мен мемлекетіне, мемлекеттік рәміздерге, қолөнер мәртебесін асқақтатуға рухани құндылықтарға деген сезім қалыптастыру.
- Өнердің сырын түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету, эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту. Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу.
Негізгі міндеттері:
- Жасөспірімдердің шығармашылықпен, жалпы өнермен айналысуына кітапханада қолайлы жағдай туғызу.
- Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайындау.
- Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттарымен ақпарат ағындарын қарқынды жолдарын үйрету.
Клуб мүшелерімен түрлі шаралар өткізілді:
- «Бояу тілін таба білген таланттар...» белгілі суретшілер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ирина және Айгүл Құрманалиналармен шығармашылық кездесу кеші
- «Сыры бар небір тылсым күйлерінде...» күйші, композитор Қазанғап Тілепбергенұлының туғанына 165 жыл толуына арналған күй кеші
- «Ескендірдің ескірмеген әндері-ай!» біртуар әнші, талантты композитор, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ 80 жылдық мерейтойына арналған сазды кеші
- «Түрлі –түсті палитра» белгілі суретші, талантты дизайнер Евгения Сухотинаның шығармашылығына арналған кездесу кеші
- «Мәңгілік ән ғұмыр» қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына виртуалды ән кеші
Қазіргі таңда «Өнерпаз» қызығушылық клубының мүшелері 22 адамнан тұрады.
«Бояу тілін таба білген таланттар...» белгілі суретшілер,Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ирина және қызы Айгүл Құрманалиналармен шығармашылық кездесу кеші
"Өнерім - өмірім"
"Сырлы бояудың сырын меңгерген"
"Шаңырағым - шаттығым"
