- 355
«Руханият» клубы
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы абонемент бөлімінің қызметкерлері 2012 жылдан бастап облыстық «Мүгедектерді оңалту бағдарламасы» аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалық қызмет көрсетуді жандандыру мақсатында«Шектеулі мүмкіндік – шектеусіз қамқорлық» бағдарламасы бойынша «Руханият» клубын ашып, жұмыс жасап келеді.
Негізгі мақсаты:
- Ақтөбе қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтарына кітапханалық
қызмет көрсету;
- «Руханият» клубы мүшелерінің кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық талаптарын ұштау.
Негізгі міндеттері:
- сұраныстарын үйден қанағаттандыру;
- ақпараттың электрондық нұсқасын
ұсыну;
- жаңа басылымдардың тұсаукесері,кітап көрмелерін, библиографиялық шолуларұйымдастыру;
- өнер мен әдебиетке құштароқырмандармен жыр мүшәйрасы,байқау,
- әдеби-сұхбат, кештер,дөңгелек үстел т.б. шаралар өткізу;
- ақпараттың барлық түрлеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Клубтың әлеуметтік функциясы:
Қарым-қатынас жасайтын орта құру, жоғары өнегелі байланыс ұйымдастыру. «Руханият» клубы мүшелерінің кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық талаптарын ұштау.
Қазақстанның халық жазушысы С.Мұқановтың 120 жылдығына орай «Классик жазушы - С.Мұқанов» атты портрет кешін «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінде ұйымдастырып өткізді. Кітапханашы А.Мұқашева С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығынан ақпарат берсе, кітапханашы Г.Омарханова «Заманының заңғар жазушысы – С.Мұқанов» атты арнайы жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Сонымен қатар, «Руханият» клубының мүшелері және Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Кітапхана ісі» бөлімінің студенттері жазушының шығармаларын талдады. Оқырмандардың назарына жазушының сөзіне жазылған «Қазақ вальсі» әні, қаламгер туралы бейнематериалдар, слайд-шежіре ұсынылды.
