«Тарих естелігі - ұрпақтар сабақтастығы» жобасы 26-27 тамыз аралығында ғалымдар мен өлкетанушылардан жасақталған экспедициялық топ қала іргесіндегі Алға ауданынан бастап, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарындағы тарихтағы би-батырлар мен әулиелер жерленген, халық құрметіне бөленген киелі орындарды аралады. Экспедициялық топ өңірдегі тарихи тұлғаларға тағзым етумен қатар ел, өңір тарихы туралы тың мәлімет, деректер жинақтап, танысты. Экспедиция мүшелері құрамында Атыраудағы Адай Пір Бекет ата салдырған «Ақ мешіттің» имамы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ислам қажы Мырзабай, белгілі ақын, «Құрмет орденінің иегері, қазақ даласының шежірелерін жинап жүрген, дінтанушы және өлкетанушы Светқали Нұржан т.б. азаматтар болды. Экспедиция алғашқы қадамын облыс орталығынан 20 шақырым шамасындағы Бекқұл әулие кесенесіне зияраттан бастау алды.
Әрі қарай Алға ауданындағы Бестамақ елді-мекенінен үш шақырым қашықтықта орналасқан тарихи тұлға, жергілікті халық әулие тұтатын, даңқты батыр Тама Есет ата Көкіұлының мавзолей-кешенін тамашалап, музейді аралап, ата ұрпақтарымен әсерлі кездесу болды.
Экспедициялық топ Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарындағы тарихтағы би-батырлар мен әулиелер жерленген, халық құрметіне бөленген киелі орындарды аралады.
Ырғыз өңіріне сапарлаған экспедиция жергілікті ескерткіш-кесенелердің өзіндік ерекшеліктеріне назар аударды.
Табиғат қолымен жасалған, әлемде сирек кездесетін ғажайып көріністің бірі Ырғыз ауданындағы «Жаманшың» метеорит кратері.
Экспедиция жобасының толық нұсқасын фотоальбомнан көре аласыздар