Новые книги

Құрметті оқырман қауым!

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттердің тізімін назарларыңызға ұсынады. Тізімге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына шығарылған кітаптар,көптеген серияларымен шыққан әдебиеттер, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», «Алаш мұрасы», «Таным», «100 жаңа оқулық», «Қазіргі заман әдебиетінің шеберлері», «Нобель сыйлығының иегері», «Атамұра» сериясы және басқа да көркем әдебиеттер,балаларға арналған әдебиеттер, оқулықтар, медицина, психология саласының әдебиеттері, аңықтамалық басылымдар еңгізілді.

 

 

Онлайн оқу

Ыбырайұлы К.

Шуақ. Өлеңдер,  жұмбақтар, мысалдар, аңыздар/ К.Ыбырайұлы.-Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2021.- 160 бет.

Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздік қызметкері», «Мәдениет саласының үздігі», «Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ұстаз,сазгер, ақын Көмек Ыбырайұлы балаларға арналған жиырыма шақты кітаптың авторы.

К.Ыбырайұлы ынтымақ-бірліктің, адалдықтың арнасы өз шығармасының өзекті желісі етіп, жас өркендерді патриоттық тәрбиеге баулып, тілін дамытып, ой-қиялын шарықтатуға аса мән береді. «Шуақ» атты бұл кітабынан да сол асыл қасиеттердің шуақ шашқан шырайын көруге болады. Кітапқа қызықты өлеңдер, жұмбақтар, мысал-аңыздар топтастырылған.

Шойбекова Г.

Тұғрылханның көк Туы. Әңгімелер, хикаяттар/ Гүлзат Шойбекова. –Алматы: «Таймас» баспа үйі,2021.-240 бет.

Жасөспірімдер кітапханасының сөресі қалам ұшынан «Тоты аралының тұрғыны», «Өмір сүру ережесі» атты туындылар туынтқан жазушы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауретаы Гүлзат Шойбекованың «Тұғрылханның Көк Туы»,атты шығармасымен толығып отыр. Айтар ойы астарлы, шымыр шығармада шынығып өскен қазақ балаларының кешегі-бүгінгі әртүрлі тағдыр-талайлары, болмыс –бітімі шынайы суреттеледі.

Шәкен Күмісбайұлы.

Сәби болғым келеді...(хикаяттар мен әңгімелер)- Нұр-Сұлтан: «Big Dream» баспасы, 2021ж.-188бет.

Белгілі балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының бұл кітабы жас сәби-өскіндерге арналған.Өсіп келе жатқан жас-өркенге шығарылған кітап. Кітап көптік етпейді, ешқашан. Тек өмірдің сан-салалы жұмбақ сырларын балаға жеткізе білсе... Шығармалар бұл талаптан шығып отыр.Әсіресе, бала тілі, мінезі, әрекеттері балалық шақты еске түсірері анық. Білуге ұмтылдырады. Бұл, сөз жоқ, қазіргі заман талабы.

Айтұлы Несіпбек

Саяхатшы шыбын: өлеңдер мен ертегілер. Муха-непоседа: стихи и сказки/ Несіпбек Айтұлы.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-160 б.

Бұл кітапта Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы балаларға араналған таңдаулы шығармаларының орысша аудармасы қоса беріліп отыр. Қазіқ тілінен аударған –Сергей Рыбаков.

Ақынның әр тақырыпты қамтыған, балалар әлемін балдай тілмен, тамсандыра жырлаған өлеңдері мен аңыз –ертегілері жеткіншектерді туған ел мен туған жерді сүюге, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырып, мейірімді, қайырымды болуға баулиды. Биікке талаптандырады, қиялын қанаттандырады. 

Стивенсон  Роберт

Қазына аралы.

Роман. Орыс тілінен аударған Қ. Дәуітов-Алматы: «Балауса баспасы». 2021. 384 бет.

Бұл «Әлем балалар әдебиеті» сериясы бойынша жарық көріп жатқан кітаптардың кезекті саны.

   Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы әсерлі баяндайды. Кезінде әлемдегі ұлы империялардың бірегейі саналған ағылшын елі жаңа жерлерді игеруде, дәулетін өркендетіп, қазынасын толтыруда алдына жан салмағаны тарихтан белгілі.Осындай әлеуметтік өсіп-дамудан туындаған сұраныс адам қиялын оятып, оны алыста қиын, қатерлі сапарларға тартынбай аттанатындай етіп тәрбиелейтін әдебиетке зәру еді. Міне, бүкіл дүниенің бар байлығын уысында ұстауды көксеген ашкөз қоғамның  осынау талап-тілегіне орай сол уақыттарда «Қазына аралы» сынды туындылар дүниеге келді.

     Бірақ автор сол замандағы әлеуметтік сұраныстардың жетегінде биржақты кетпей, мәселенің өмірлік мәні бар екінші жағын, алтын мен ақшаға есі кете қызыққан адамдардың жан дүниесі азғындап, қу дүниенің құлына айналып кететіндігін өте сенімді суреттейді.