- 553
Жұманова Заря.
Күләйша, Рокфеллер және басқалар. Әңгімелер, хикаят, ертегілер, мысалдар, аудармалар/ Заря Жұманова.-Алматы: «Таймас» баспа уйі, 2021.-240 бет.
Қадірменді оқырман! Қолдарыңызда қазіргі қазақ қаламгерлерінің арасында алғашқылардың бірі де бірегейі болып отбасы құндылықтары саналатын салт-сананы, тәрбие-танымды, түйсік-түсінікті тереңнен толғап, толайлы ой елегімен өрнектеп келе жатқан жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Заря Жұманованың «Күлайша, Рокфеллер және басқалар» атты кітабы.
Кітап Күн көзіне күле қараған баладан,төрде тасбих тартқан дананың талғам-таразысына ортақ етіп жазылған.
- 411
- 468
Естенова А.
Көне кенттер күмбірі: балаларға арналған өлеңдер мен жұмбақтар/ А.Естенов.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019,-160 б.
Кітап «Өлкетану мектебі», «Табиғаттану мектебі», «Салауаттану мектебі», «Ой ұшқырлау мектебі» аталатын төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде оқушылар орта ғасыр қойнауына «саяхаттап», Аспара, Баласұғын, Қарнақ, Сарайшық,Сығанақ сынды көне кенттермен танысып, олардың қыр-сырына қанықса, екінші бөлім кішкентай оқырмандарын табиғат таңғажайыптарымен таңдандырады.Үшінші бөлім, аты айтып тұрғандай, балдырғандарды салауатты өмір салтын ұстана спортқа бейім болып, шынығып, шыңдалып өсуге құлшындыратын танымдық өлеңдерден тұрады.
- 435
- 874
Беркімбаева Ә.
Дәуіт атайдың ертегілері: аңыз-әңгімелер/ Ә.Беркімбаева. -Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021.-84б.
Бұл оқиға Жоңғар алатауының етегінде, Бүйен өзені ағып жататын кішкентай бір ауылда болған еді. Ел басына қиын заман туған кез. Соғыстан қайтқан ер адамдар саусақпен санарлықтай еді, сойтіп, бар ауыртпалық әйелдер мен балаларға түсті.