АРДАГЕР АЗАМАТ, АРДАҚТЫ АҚЫН

3 наурыз күні танымал ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер  одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, білім беру және мәдениет саласының ардагері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар  Академиясының академигі Нұрлыбек Қалауовтың 70 жас мерейтойына арналған «АРДАГЕР АЗАМАТ, АРДАҚТЫ АҚЫН» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінде Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және             құжаттама басқарма басшысы Алтынай Юнисқызы алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар, ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ертай Ашықбаев,  Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаназар Асан, ҚР Жазушылар және Журналистері одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі Жақсылық Айжан, білім саласының ардагері Қилыбай Бақтарбаев, өлкетанушы Баянғали Құлтаев, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі Оралбай Кәметияұлы, ақын,  ҚР Журналистер Одағының мүшесі,  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, мәдениеттанушы ғалым Есентүгел Әзи, №31 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынгүл Идрисова естеліктерімен бөлісіп, өзіндік лебіздерін білдірді.
Шарада Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Ақтөбе көпсалалы Тарлан колледж студенттері, №40 мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директорлары мен қызметкерлері, Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері қатысты.
Есімі әдебиет пен жырсүйер қауымға белгілі, қазақ поэзиясында өз болмысымен орын алатын Нұрлыбек Қалауовтың шығармашылығына арналған «Жыр жазамын жүрегімнен» атты оқырмандарға кітап көрмесінің библиографиялық шолуы ұсынылды. Кітап көрмесіне «Ақтөбе» энциклопедиясы, «Жәдігер» Ақтөбе өңірінің  әдеби антологиясы, «Ақтөбе журналистері» кітабы, «Таразы жүрек», «Қазанатым, қайдасың?», «Жарқ еткен жасын ғұмыр» және т.б. өлең жинақтары мен пьесалары берілген кітаптар, мақалалар қойылды.
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Мәншүк Мұқанова Қ.Тұрдалыұлының «Қамшыгердің әнін» орындап кештің сәнін кіргізді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1